Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы өткізілуде.
Оның басты мақсаты — экологиялық жағдайды жақсарту және азаматтар арасында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстарына қатысып, ағаш көшеттерін отырғызды.
Семинарда Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларынан және Ұлытау, Жаңаарқа аудандарынан 43 мемлекеттік мекеме мамандарына сертификаттар табысталды.
Семинарларды өткізу тақырыптары:
Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы өткізілуде.
Оның басты мақсаты — экологиялық жағдайды жақсарту және азаматтар арасында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
Акция аясында Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы қоғамдық орындарды абаттандыру, сондай-ақ қала аумақтарын қоқыстардан тазарту жұмыстары бойынша ат салысты.
Семинарда Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларынан және Ұлытау, Жаңаарқа аудандарынан 315 мемлекеттік мекеме мамандарына сертификаттар табысталды.
Семинарларды өткізу тақырыптары:
25 мамыр күні Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы №3 білім-инновация лицейінде өткен «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынына қатысты. Шара барысында басқарма басшысы мектеп бітіруші түлектерді айтулы күнмен құттықтап, алдағы өмірлік сынақтарда сәттілік тіледі. Сондай-ақ жас мамандарға ел болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырып, ақ жол тіледі.
"Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) "жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 301/НҚ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің №4 үлгілік базалық бағытының жобаларын іске асыруды үйлестіру мақсатында 2026 жылдың 22 мамыр айында, сағат 11: 00 Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізетінін хабарлайды.
Жария талқылауға қатысқысы келетіндер +7(7102)600394, +77773843286 телефоны арқылы хабарласа алады.
Өтетін орны: Жезқазған қаласы, Алаша алаңы 1, 5-қабат, 502-кабинет.
Құрметті тыл ардагерлері!
Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сұрапыл соғыс жылдарында Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз майдандағы жеңістің берік тірегіне айналды.Ел басына күн туған қиын кезеңде тынымсыз еңбек етіп, қажыр-қайраттың, төзімділік пен отансүйгіштіктің үлгісін көрсеттіңіздер.Сіздердің маңдай терлеріңіз бен ерік-жігерлеріңіздің арқасында халық еңсерілмейтін сыңнан өтті.Бүгінгі ұрпақ сіздердің ерліктеріңізді әрдайым мақтан тұтады және терең құрметпен еске алады.Елдің тыныштығы мен бірлігі жолындағы адал еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық,бақ-береке және бейбіт өмір тілеймін!
«Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру.2026 жылдың 16 сәуірден бастап 30 жұмыс күн ішінде басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетінін хабарлайды. Талдау кезінде жұмыс тобының құрамына барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады. Қатысу үшін ағымдағы жылдың 21 сәуіріне дейін келесі телефон арқылы хабарласуға болады: 8-7102-60-03-94 немесе WhatsApp: 8-7773843286.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы мен ерлер қауымы барша әйелдер қауымын шын жүректен құттықтайды!
Бұл мереке – көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп, мейірім мен сұлулықтың, нәзіктік пен парасаттылықтың символына айналған ерекше күн. Қоғамымыздың дамуы мен өркендеуінде әйелдердің алатын орны айрықша. Сіздер отбасында – аяулы ана, ардақты жар, қамқор жан болсаңыздар, қызметте – білікті маман, жауапты қызметкер ретінде ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп келесіздер.Әйелдер қауымының табандылығы, еңбекқорлығы мен жоғары жауапкершілігі мемлекеттік қызметтің тиімді дамуына және қоғамның тұрақтылығына зор үлес қосып келеді. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен адал еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланады.Осы айтулы мереке күні сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз! Әр шаңырақта қуаныш пен шаттық орнап, жұмыстарыңызға табыс, өмірлеріңізге тек жақсылық пен игілік серік болсын!
Көктемнің шуақты мерекесі әрқайсыңызға көтеріңкі көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен жарқын бастамалар әкелсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!!!