"Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА!

 

Талдау анықтамасы

жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы

қызметіндегі сыбайлас жемқорлық

«Ұлытау облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ

 

29.05.2026 ж.                                                                                  Жезқазған қаласы.

 

Біз, Басқарма басшысының орынбасары Б.Б.Қаратай, мониторинг жүргізу және әкімшілік ету бөлімінің басшысы А.Н.Оразалиева, мониторинг жүргізу және әкімшілік ету бөлімінің бас маманы Р.Р.Байтасов құрамындағы жұмыс тобымен Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының. (бұдан әрі − Басқарма) 2026 жылғы 16 сәуір - 2026 жылғы 29 мамыр аралығындағы кезеңде мемлекеттік сатып алу қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргіздік.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының Конституциясына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларымен, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі, Басқарма басшысының м.а. 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 121 бұйрығының негізінде сәйкес жүргізілді.

Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы», 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VІІІ. «Мемлекеттік сатып алу туралы», 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-III «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамыр № 223 бұйрығымен, «Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ туралы ережесін басшылыққа алады.

 

Басқарманың негізгі қызметі − бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.

Басқарма қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мәніне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

- ұйымдық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

- бюджет және қаржы қаражатын игерудегі және бөлудегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

- қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етудегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Өткізу кезеңі: 2026 жылғы 16 сәуірден бастап 2026 жылғы 29 мамырға дейін.

Талданатын кезең: 2026 жылғы 16 сәуірден бастап 2026 жылғы 29 мамырға дейін.

 

Кіріспе бөлім.

 

Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

 

  1. Тәуекел: ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 10 бабы 5 тармағына сәйкес, «Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын біртекті тауарларға өткізіледі».

      Электрондық дүкен арқылы тәсілді қолдану мақсатында біртекті тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін қаржы жылы ішінде біреуінің мөлшері осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделгеннен аз болатын бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді».

Алайда, қазіргі күні электрондық дүкен тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алу порталында жылдық жоспарды бекіту немесе оған өзгерістер енгізу барысында тапсырыс берушілермен аталған норманы бұзу фактілері орын алуда.

Бұл жердегі тапсырыс берушілердің басты мақсаты сатып алудың оңайлатылған тәсілін жүргізу мақсатында сатып алу сомасын неғұрлым аз сомаға бөлу болып табылады.

Шешім: Техникалық тұрғыдан мемлекеттік сатып алу порталына электрондық дүкен арқылы сатып алынатын тауарлар бойынша Заңның                10 бабының 5 тармағында көрсетілген қаржы көлемі бойынша шектеу қою қажет.

Қосымша, сатып алынатын тауарлардың ұқсас/балама кодтарын таңдау арқылы аталған қаржы көлемін шектеу нормасын бұзу тәуекелдерін болдырмау мақсатында, біртекті тауарлардың түлерін немесе кодтарын бір түрге/кодқа енгізген дұрыс деп санаймыз.

Мысалғы:  Жиһаз бойынша тауарлардың бірыңғай номенклатуралық анықтамалығында жиһаздың оннан (10) астам түрі (кеңсе жиһазы, балаларға арналған жиһаздар, бау бақша жиһазы және т.с.с.) және 200-ге жуық коды (диван, стол, кресло, орындық, тумба т.с.с.) көрсетілген.

4000 АЕК мөлшері бойынша қаржылық шектеуді техникалық тұрғыдан жалпы сатып алынатын тауардың негізгі түріне қойған дұрыс деп санаймыз.

 

  1. Тәуекел: Нормативтік құқықтық актілердегі құқық нормаларының қайшылықтары:

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 11-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес: «Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіден шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарының болуын, сондай-ақ олардың жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана шегіндегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелуін талап етуге құқылы».

Алайда, құрылысқа байланысты емес жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарына берілген өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (лицензияның) негізінде материалдық және еңбек ресурстарына иелік ететінін растайтын әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберуге міндетті («Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелердің» 72-тармағы).

Мысалы:

Тапсырыс беруші Ұлытау облысында автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізуде. Жұмыстарды орындау үшін әлеуетті өнім берушінің дәл жұмыстар орындалатын өңірде жол техникасы, қызметкерлері, өндірістік базасы және инертті материалдар қоймалары болуы қажет. (Заңның 11-бабына сәйкес тапсырыс беруші Ұлытау облысында тіркелген материалдық және еңбек ресурстарының болуына қатысты біліктілік талабын белгілеуге құқылы).

Алайда құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының басқа өңірінде тіркелген, бірақ іс жүзінде Ұлытау облысында техникасы мен қызметкерлері жоқ әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға қабылданады.  

 

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 1-бабының 17) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық мүдделер қақтығысы болып табылады, бұл ретте мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері оның өз лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін.

Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

Басқармамен  мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

 

Мемлекеттік органның ашықтығы.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, ашықтық пен ашықтық қағидатын іске асыру мақсатында басқарма сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат», «Мемлекеттік сатып алулар», «Коммуналдық меншік» және т.б. бөлімдерде ақпарат орналастырылған.

Басқарманың қызметі оның ішкі құжаттарында, сондай-ақ мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде есептік деректерді қоса отырып көрсетіледі.

Сонымен қатар, сенім телефоны туралы ақпарат, сондай-ақ азаматтарды қабылдау кестесі көпшілікке қолжетімді орындарда орналастырылған.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында Басқарма сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Басқарма басшысының бұйрығымен құзыретіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі функциялар кіретін жауапты тұлғалар айқындалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі саясатты нығайту үшін түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша материалдар мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілері орын алмаған.

 

Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдер:

Бюджет қаражатын жоспарлау және игеру.

2025 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатын игеру 99,9% -ды құрады. Қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жоғары көрсеткішке қол жеткізілді және жоспарлау жөніндегі жұмыстың тиісті деңгейін, оның уақтылы орындалуын көрсетеді.

Басқарма қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған.

 

АНЫҚТАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН

ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАР:

         «Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша тұрақты негізде ішкі бақылау жүргізсін;

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы көрсетілген тәуекелдерді жою үшін уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізсін;

«ҚР мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «ҚР Еңбек және этика кодексі» заңдарын және басқа да заңнамалық актілерді мүлтіксіз сақталсын;

Басқарма қызметіне қатысты қолданыстағы заңнамаға сыбайлас жемқорлық үшін алғышарттар туғызатын қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды жою тұрғысынан тұрақты талдау жүргізілсін;

Талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері Басқарманың ашық интернет-ресурстарында жариялансын.

Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде ұсынымдардың орындалуын мониторингтеуді және бағалауды жүзеге асырсын.

 

Ұлытау облысының мемлекеттік

сатып алу басқармасы

басшысының орынбасары                                                                      Б.Қаратай

Дата публикации
02 июня 2026