2025-2026 жылдардағы
жылыту маусымының қорытындылары
және 2026-2027 жылдардағы жылыту
маусымына дайындық пен оны өткізу
жөніндегі міндеттер туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымын өткізу және 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жөніндегі жұмыстың қорытындылары қарастырылды.
2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы штаттық режимде өтті.
Облыстың жылу-энергетикалық кешені, оның ішінде энергия көздері, жергілікті жылу көздері, инженерлік желілер мен құрылыстар қысқы максималды жүктемелерге тұрақты түрде төтеп берді.
Салыстырмалы қалыпты ауа-райына қарамастан, күзгі-қысқы кезең қатты аязсыз жүрді.
Тіршілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілерін, көп қабатты тұрғын үй қорын, инженерлік желілерді сапалы және уақтылы дайындау мақсатында өңірлердің әкімдіктері, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, кәсіпорындардың меншік иелері 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі. Алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық 2026 жылдың 15 сәуірінен басталды, 1 қазанға дейін аяқталады.
2026-2027 жылдардағы жылыту маусымының үздіксіз және тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы жөндеу науқанына 27,3 (жиырма жеті бүтін үш) миллиард теңге сомасында қаражат бөлуді жоспарлап отыр.
Жезқазған жылу электр орталығында кестеге сәйкес 2 қазандықта күрделі жөндеу (№6,11), 5 қазандық (№4,5,7,8,9) пен 4 турбинаны (№4,6,7,8) ағымдағы жөндеу жоспарланған.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына облыстың қалалары мен аудандарының тіршілікпен қамтамасыз ету объектілерінің дайындығы бойынша Іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындықты ұйымдастыру және өткізу бойынша облыстық жұмыс тобының құрамы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Ұлытау облысының білім басқармасы», «Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы», «Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы», «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы», «Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің басшылары:
1) Іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін;
2) Іс-шаралар жоспарының негізінде 2026 жылдың 15 мамырына дейінгі мерзімде жетекшілік ететін салалар бойынша мерзімдерін көрсете отыра Іс-шаралар жоспарларын нысандар бойынша бөліністе бекітілсін.
- Қала және аудан әкімдері:
- Қағидаларға сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін 2026-2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңіне уақытылы дайындау, тіршілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілерін, көп қабатты тұрғын үйлерді қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырсын;
- Іс-шаралар жоспарын орындалуын қамтамасыз етсін;
- Іс-шаралар жоспарының негізінде 2026 жылдың 15 мамырына дейінгі мерзімде қала/аудан бойынша мерзімдерін көрсете отыра Іс-шаралар жоспарларын (инженерлік желілер, әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілері және көппәтерлі тұрғын үйлер, оның ішінде басқару органы жоқ иесіз үйлер) объектілер бойынша бөліністе бекітілсін.
- «Ұлытау облысының білім басқармасы», «Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы», «Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы», «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы», «Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің басшыларымен бірлесіп, әлеуметтік-мәдени тұрмыстық объектілері мен мемлекеттік ұйымдар ғимараттарының ішінде орналасқан автономды жылыту жүйелерін қауіпсіз қашықтыққа шығару жөніндегі жұмыстар жалғастырсын;
- жылу көздерінде төтенше жағдайларды болдырмау үшін тұрақты негізде жұмысшы персонал арасында диспетчерлік және еңбек тәртібін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
- тозу деңгейін төмендету аясында мемелекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жылу желілерін қайта құру мен жаңғырту бойынша жобаларды іске асыруды жалғастырсын;
7) коммуналдық кәсіпорындарының басшыларымен бірлесіп (келісім бойынша), жылу энергиясын және судың есепке алу жалпыүйлік аспаптарын орнату бойынша жұмысты жалғастырсын;
8) жергілікті қазандықтар мен бюджеттік ұйымдар үшін көмірді уақтылы сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етсін;
9) жылумен жабдықтау желілеріне техникалық тексеру жұмыстарын жүргізсін;
10) коммуналдық кәсіпорындардың басшыларымен бірлесіп (келісім бойынша), меншік нысанына қарамастан барлық нысандарды даярлауды жұмыстарын жүргізсін;
11) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) және коммуналдық кәсіпорындардың басшыларымен (келісім бойынша) бірлесіп, «Тарифті инвестицияға айырбастау» тарифтік саясаты шеңберінде коммуналдық қызметтерге тарифті бекіту жөніндегі жұмыстарын жүргізсін.
- Қолданыстағы заңнама шеңберінде «Ұлытау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы:
1) 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына жылу көздері мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін дайындауды, өңірлердің қазандықтары, инженерлік желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды, сондай-ақ олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін жалпы үйлестіруді қамтамасыз етсін;
2) қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының инженерлік желілерді (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келісуін қамтамасыз етсін;
3) қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының жылу көздерінің жылу жеткізгішін беру параметрлерінің температуралық кестелерін келісуін қамтамасыз етсін.
- «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша):
1) құзыреті шеңберінде облыстың жылу көздері мен коммуналдық қызметтер нысандарының, сондай-ақ қазандықтар мен инженерлік желілердің 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындықтарын, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және оларды күзгі-қысқы кезеңінде тиімді жұмыс істеуін жалпы үйлестіруді қамтамасыз етсін;
2) энергия кәсіпорындарының әзірлік паспорттарын мен материалдарды уақтылы дайындауды қамтамасыз етсін.
- Энергия өндіруші (келісім бойынша), энергия беруші (келісім бойынша), жылу беруші (келісім бойынша) кәсіпорындардың басшылары әзірлік паспорттарын уақтылы алу үшін қажетті құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етсін.
- Ұлытау облысының қалалары мен аудандарының аумағында 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық және оны өткізу үшін қалалар мен аудандардың тиісті жергілікті атқарушы органдары жауапты болып белгіленсін.
- «Ұлытау облысының білім басқармасы», «Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы», «Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы», «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы», «Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің басшылары 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына облыстық және жергілікті әлеуметтік-мәдени тұрмыстық объектілердің дайындығын жалпы үйлестіруді қамтамасыз етсін (тиесілігі бойынша), сондай-ақ олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуі жөнінде ақпарат беріп, апта сайын сәрсенбі күндері «Ұлытау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ақпарат берсін.
- Энергия беруші кәсіпорын «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының өтуі кезеңінде электр беру желілерінде үзілістер мен зақымданулар болған электр беру желілері учаскелерінде ревизия жүргізуді қамтамасыз етсін.
- Қаражал қаласының әкімі «Энерготранзит компани» және «ВЕСТ 2001» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің және Ұлытау ауданының әкімі «Ұлытау аудандық көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорыны» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының 2026-2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі электр желілік шаруашылығын жөндеу науқанын ерекше бақылауға алсын.
- Энергия өндіруші ұйымдардың бірінші басшылары (келісім бойынша) ағымдағы жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде көмір қоймаларында көмірдің қажетті қорын жинақтауды қамтамасыз етсін.
- Осы «2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары және 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық пен оны өткізу жөніндегі міндеттер туралы» қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ұлытау облысының әкімі Д. Рыспеков