ХАБАРЛАНДЫРУ қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 10-бабының 3-тармақшасына сәйкес, сондай-ақ халықтың пікірін ескеру мақсатында сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлаймыз. Қоғамдық тыңдауларда халық үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларының жобасын қарау жоспарлануда. Тұрғындарды, ұйымдар өкілдерін және барлық мүдделі тұлғаларды қоғамдық тыңдауларға қатысуға шақырамыз. Қарастырылатын мәселе бойынша материалдар ресми интернет-ресурста https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-energo орналастырылған және мына мекенжай бойынша танысуға болады: Жезқазған қаласы, Алаша алаңы, 1, 903-кабинет. Өткізу күні: 2026 жылғы «29» мамыр Өткізу уақыты: сағат 17:00 Өткізу орны: Жезқазған қаласы, Б. Ғарышкерлер көшесі, 35, «AMANAT» партиясының ғимараты, 3-қабат. Ескертулер мен ұсыныстар жазбаша түрде 2026 жылғы «27» мамырға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Жезқазған қаласы, Алаша алаңы, 1, 903-кабинет, сондай-ақ ulytaujkh@mail.ru электрондық поштасы арқылы. Байланыс телефоны: 8 (7012)600319, ішкі 7257. Ұйымдастырушы: «Ұлытау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ.
Дата публикации
24 апреля 2026