Ереже Ұлытау

  1. «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің (бұдан әрі – Комитет) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту саласындағы іске асыру мен бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.               
  2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Департамент, заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Желтоқсан көшесі, 25-үй.
  9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.             
  10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

Ереже Ұлытау Қазақша
Дата публикации
26 августа 2026