
1987 жылы туылған.
2009 жылы О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы бастаған. Жалпы еңбек өтілі – 16 жыл.
Мемлекеттік қызметте еңбек еткен жылдары Қарағанды облысы және Ұлытау облысы әкімдерінің аппараттарында түрлі лауазымдарда, оның ішінде басшылық қызметтерде жұмыс атқарған.
Ұлытау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімін, Ұлытау облысының Қоғамдық даму басқармасының қоғамдық-саяси ахуал және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру бөлімін, сондай-ақ облыс әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету, әлеуметтік-экономикалық даму бөлімдерін басқарған.
Ұлытау облысының Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып, ішкі саясат, қоғамдық-саяси ахуал және идеологиялық жұмыс мәселелеріне жетекшілік еткен.
2026 жылғы қаңтардан шілде айына дейін Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімін басқарды. Бөлім қызметіне басшылық жасап, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етті, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторының функцияларын жүзеге асырды.
2026 жылғы 8 шілдеден бастап Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының орынбасары – мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымына тағайындалды.