GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
19 октября 2026
РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ

2026 жылғы 16 қазан күні Сәтбаев қаласындағы Ш. Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында Ұлытау облысының діни бірлестіктері арасында Рухани келісім күні мен Республика күніне орай шығармашылық фестиваль өтті.

Бұл шара дәстүрге айналған игі бастама ретінде өңірдегі түрлі конфессиялар, мәдениеттер мен ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталды.

Фестивальге келесі діни бірлестіктер қатысты:

* Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешіт;
* Евангелдік христиан-баптистердің орталық шіркеуі;
* Жезқазған қаласындағы жетінші күн адвентистерінің шіркеуі;
* Сәтбаев және Жезқазған қаласындағы жетінші күн христиан-адвентистерінің жергілікті шіркеуі;
* «Агапе» пятидесятниктер шіркеуі.

Фестиваль барысында қатысушылар достық, мейірімділік пен рухани келісімнің маңызын дәріптейтін шығармашылық нөмірлер ұсынды.

Шараның салтанатты бөлімінде Ұлытау облысының дін істері басқармасының басшысы Дулат Рашидұлы Төлегенов пен облыстық діни бірлестіктер клубының жетекшісі Дмитрий Полтаренко құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдағы бейбітшілік пен толеранттылықты сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Фестиваль соңында белсенді қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

Бұл фестиваль ел бірлігі мен рухани татулықтың символына айналып, Қазақстан халқының ортақ құндылықтарға негізделген ынтымағы мен өзара құрметін тағы бір мәрте айқындады.

19 октября 2026
РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНІҢ ТАРИХЫ МЕН БҮГІНГІ МАҢЫЗЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

16 қазанда Жезқазған қаласындағы Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінде Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім – қоғамдық бірліктің негізі» тақырыбында кеңейтілген дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев, діни бірлестіктер мен этномәдени орталықтардың өкілдері және құрметті қонақ – «Рухани келісім конгресі» халықаралық қоғамдық қорының президенті, композитор, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов қатысты.
Рухани келісім күні идеясының авторы Төлеген Мұхамеджанов атаулы күннің қалыптасу тарихы мен маңызына кеңінен тоқталып, қоғамдағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтудағы рөлін атап өтті.

Кездесуде жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаттары, конфессияаралық келісім және 7 қазанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысының қорытындылары талқыланды.
Сондай-ақ Ұлытау облысы Діни бірлестіктер клубының жұмысы таныстырылды. Клуб аясында түрлі конфессия өкілдерінің қатысуымен бірлескен кездесулер, тимбилдингтер, ұлттық ойындар және қазақ тілін үйрену курстары ұйымдастырылып келеді.

Іс-шара соңында діни бірлестіктер мен этномәдени орталықтардың өкілдеріне облыс әкімінің атынан құттықтау хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

02 октября 2026
АҚПАРАТ, НАРРАТИВ, ЖАУАПКЕРШІЛІК: ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМНЫҢ МЕДИАДАҒЫ БЕЙНЕСІ

Ұлытау облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен дін саласындағы мәселелерді жариялайтын журналистер мен ақпараттық ресурстар өкілдеріне арналған семинар өтті.

Іс-шара барысында дін және зайырлылық, діни бірлестіктер қызметі, конфессияаралық қатынастар, сондай-ақ қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды ақпараттық кеңістікте сауатты жариялау мәселелері талқыланды.

Семинарда журналистің кәсіби жауапкершілігіне, ақпараттың нақтылығы мен объективтілігіне, медиадағы нарративтердің қалыптасуына және дін саласындағы күрделі әрі сезімтал тақырыптарды аудиторияға дұрыс жеткізу тәсілдеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар нақты мысалдар негізінде ақпараттық материалдарға талдау жасап, кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.

Семинарға лектор ретінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Толғанай Вагизовна Мустафина қатысты.

Кездесу журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуына және дін саласындағы ақпаратты жауапты, объективті әрі сапалы жариялау тәсілдерін жетілдіруге бағытталды.

28 сентября 2026
БІРГЕ — ДИАЛОГ ПЕН ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ҮШІН

26 қыркүйекте Ұлытау облысының діни бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен тимбилдинг және Діни бірлестіктер клубының үшінші отырысы өтті.

Қатысушылар командалық ойындарға қатысып, бейресми жағдайда пікір алмасты және «Мәдени, діни және білім беру құқықтары» тақырыбын талқылады.

Сонымен қатар, Рухани келісім күніне дайындыққа және 2027 жылға арналған бірлескен бастамаларға ерекше назар аударылды.

Клубтың бастамаларының бірі қазірдің өзінде жүзеге асырылуда: 2026 жылы діни бірлестіктер өкілдеріне арналған қазақ тілі курсы ұйымдастырылды.

Мұндай кездесулер өзара құрмет пен сенімді нығайтып, сындарлы диалогты дамытуға ықпал етеді.

28 сентября 2026
Жезқазғанда «NIGHT OPEN AIR» ақпараттық-танымдық кеші өтті

27 қыркүйек күні Жезқазған қаласындағы Ғарышкерлер алаңында қала тұрғындары мен жастардың бос уақытын мазмұнды өткізуге бағытталған «NIGHT OPEN AIR» ақпараттық-танымдық кеші өтті.
Іс-шараны Ұлытау облысының дін істері басқармасы ұйымдастырды. Кештің негізгі мақсаты – танымдық ойындар мен ұлттық өнер арқылы рухани құндылықтарды дәріптеу, діни сауаттылықты арттыру, заңға құрмет, өзара сыйластық және қоғамдық жауапкершілік құндылықтарын насихаттау.
Кеш барысында қатысушылар Kahoot интеллектуалдық ойынына қатысып, заң, дін, тарих және ұлттық дәстүр тақырыптарындағы сұрақтар бойынша білімдерін сынады. Сонымен қатар «Таным бәйгесі» өткізіліп, ұлттық дәстүр, тарих, Алаш қайраткерлері мен қазақ зиялыларының өмір жолы және рухани мұрасы туралы сұрақтар қойылды.
Бағдарламада халық даналығының озық үлгісі саналатын мақал-мәтелдердің жалғасын табу сайысы да ұйымдастырылды. Қатысушылар тапқырлық танытып, өз білімдерін ортаға салды.
Кештің көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлаған бөлімдерінің бірі – «Өнер көрсетіп сыйлық ал» кезеңі болды. Қатысушылар домбырада күй тартып, өлең оқып, өз өнерлерін көпшілік алдында көрсетті. Өнер көрсеткен қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Музыкалық нөмірлермен толықтырылған кеш көтеріңкі көңіл күйде өтіп, тұрғындарға мазмұнды әрі пайдалы демалыс сыйлады.
«NIGHT OPEN AIR» – жастар мен қала тұрғындарын білімге, ұлттық мұраға, өнерге және қоғамдық құндылықтарға қызықтыра отырып, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға бағытталған мазмұнды мәдени-танымдық алаң болды.

21 сентября 2026
Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған фестиваль өткізілді

2026 жылғы 19 қыркүйекте облыс жамағаты арасында ұлттық ойындардан сайыс форматында фестиваль ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды жаңғырту, қоғамдық бірегейлікті қалыптастыратын ұлттық ерекшеліктерді дәріптеу, сондай-ақ қатысушылар арасында өзара ынтымақтастық пен ортақ мүддені нығайту.

Фестиваль барысында қатысушылар көкпар, аударыспақ, арқан тартыс және басқа да ұлттық спорт түрлерінен өзара бақ сынасты. Іс-шара көкпар ойынымен басталып, ұлттық ойындардың басқа түрлерімен жалғасты.

Сонымен қатар, қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үйде ұлттық дастархан жайылып, қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы ақпарат берілді. Шара барысында ұлттық мәдени мұраны дәріптеу, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелеріне ерекше мән берілді.

04 сентября 2026
ДІНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

29 тамыз күні діни бірлестік өкілдері арасында үстел теннисінен спорттық жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – діни бірлестік өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылықты арттыру. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:  1-орын – Ахмет Ишан Оразайұлы атындағы мешіттің наиб имамы Абдурроһман Мусаев;  2-орын – «Агапе» шіркеуінің басшысы Александр Диллер;  3-орын – Ахмет Ишан Оразайұлы атындағы мешіттің шәкірті Дарын Әлішеров. Жарысқа белсенді қатысқан барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Спорттық іс-шара діни бірлестік өкілдері арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттырып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

04 сентября 2026
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» – МЕЙІРІМДІЛІК ПЕН ЖАНАШЫРЛЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

 Ұлытау облысы діни бірлестіктер клубының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өтті. Акция барысында балаларға жаңа оқу жылына қажетті мектеп сөмкелері мен оқу құралдары, сондай-ақ ақшалай сыйлықтар табысталды. Ізгі бастаманың басты мақсаты – балаларға қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына ықпал ету. Ізгі іске атсалысып, балаларға қуаныш сыйлаған діни бірлестіктердің өкілдеріне алғыс білдіреміз!

17 августа 2026
КОНТЕНТТІ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ТИІМДІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ

13 тамыз күні «Контентті жоспарлау және әлеуметтік желілерде мақсатты аудиториямен тиімді жұмыс жүргізу» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға қарсы насихат бағытында жұмыс істейтін мамандар мен теологтар қатысты. Семинарды «Creative Unity» қоғамдық бірлестігінің басшысы Мадина Жиембаева жүргізді.
Қатысушыларға мақсатты аудиторияны анықтау, контентті жоспарлау, визуалды материал әзірлеу және әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың тиімділігін арттырудың практикалық тәсілдері таныстырылды.
Сонымен қатар, басқарма маманы Ардақ Мизамедин интернет кеңістігінде діни экстремизм идеологиясына қарсы ақпараттық жұмысты жүргізудің негізгі ерекшеліктеріне тоқталды.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

13 августа 2026
«Ұлттық бірегейлік және радикалданудың алдын алу: заманауи сын-қатерлер»

2026 жылғы 12 тамызда исламтанушы, дінтанушы, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Асқар Қалимжанұлы Сабдин ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған «Сананың радикалдануы: ұлттық бірегейлікке қауіптілігі» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында сананың радикалдануының негізгі себептері мен белгілері, оның жеке тұлғаға, қоғамға және ұлттық бірегейлікке тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндірілді. Қатысушыларға радикалды және деструктивті идеологиялардың таралу жолдары, азаматтардың санасына ықпал ету тәсілдері, сондай-ақ радикалды көзқарастардың қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтау, зайырлы мемлекет қағидаттарын құрметтеу, қоғамдық тұрақтылық пен бірлікті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар барысында әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі діни мазмұндағы ақпараттарға сыни тұрғыдан қарау, ақпарат көздерінің сенімділігін тексеру, күмәнді діни ақпараттарға сақтықпен қарау және деструктивті идеологиялардың ықпалына түспеудің алдын алу жолдары талқыланды.

Сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру, халық арасында ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, діни сауаттылықты арттыру және деструктивті діни идеологияның алдын алу бойынша жұмыстың сапасын жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы