
Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасының қызметкерлері және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Ұлытау облысы бойынша филиалы өкілінің қатысуымен Ұлытау ауданында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аталған кездесуге Ұлытау ауданының мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдарының қызметкерлері қатысты.
Кездесіу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде орын алатын бұзушылықтар мен ақпараттық қауіпсіздікті сақтау туралы түсіндірме жүргізілді.
Кездесу соңына мемлекеттік мекемлерге мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заң талаптары мен ақпараттық қауіпсіздікті сақтау бойынша ұсыныстар берілді.