Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2025 жылдың 08 тамыздағы жай-күйі туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

 

Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы

бойынша 2025 жылдың 08 тамыздағы

жай-күйі туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Жезқазған қаласы                                                                2025 жылғы 8 тамыз

 

Талданатын объектілер туралы мәлімет: Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасы (бұдан әрі-Басқарма)

Талдаудың негізі: Ұлытау облысы цифрлық технологиялар басқармасы басшысының  2025 жылғы 04 шілдедегі №54н/қ бұйрығы.

        Талдаудың мерзімі: 2025 жылғы 7 шілде.

Талдауды жүргізу кезеңі: 2025 жылғы шілде – тамыз аралығы. Басқарма 1 бөлімнен тұрады: цифрлық трансформация және байланыс бөлімі.

Басқармаға бағынысты ведомствалық бөлімдер жоқ.

І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық актілерін анықтау. «Ұлытау облысының мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» мемлекеттік мекемесінің ережесі қаулысының жобасына  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жасалынып тәуекелдер анықталмады.

ІІ.  Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Талдау жүргізу барысында Басқарманың ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

ІІІ. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарманың жалпы штат саны 7. Жыл басынан босатылған қызметкерлер 0. Бос лауазымдарға орналасу үшін конкурстар жарияланған жоқ.

Талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған тұлғалар жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге  байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқармамен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмендегідей анықталды:

YІ. Рұқсат беру функцияларын іске асыру – басқармада рұқсат беру функциясы іске асырылмайды;

YІІ. Бақылау функцияларын іске асыру – Ұлытау облысның цифрлық технологиялар басқармасы ережеге сәйкес үлкен 3 бағытта цифрландыру, байланысты дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау жұмыстарын атқарады.

Мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына және басқарма басшысымен бекітілген жыл сайынғы жоспарға сәйкес жүргізіледі.

Бекітілген жоспарға сәйкес жыл сайын 16-19 мемлекеттік орган тексеріледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау іс шарасын және мониторинг жүргізу басқарманың бір маманына жүктелген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау жүргізу бір ғана маманға жүктелуі сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында атқарылатын жұмыстар көлемі басқа облыстармен бірдей. Штат жағынан салыстырғанда басқа аймақтарда 3 бірлікке аз.  

Ұсыным: Ұлытау облысы әкімінің атына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына бақылау функцияларын атқару қызметі бойынша тағы екі штат  бөлу туралы қызметтік хат жолдау. 

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі (Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі) М. Мусиннің төрағалық етуімен министрліктің 14 бақылау функциясын  жергілікті атқарушы органдарға (Бұдан әрі-ЖАО) беру туралы 2024 жылғы 19 қаңтарда жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында М.Мусин ЖАО-ға берілетінін 14 бақылау функциясымен ақпараттандыру, байланыс, жеке деректерді қорғау салаларында мемлекеттік бақылау жүргізетін мамандарды бөлуін қарастыруды ЖАО –ға тапсырды.

Қазіргі таңда,  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Бұдан әрі -Заң) өзгерістер енгізілді.

Осы Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің келесі 14 бақылау функциясы Облыстардың Цифрлық технологиялар басқармасының құзіретіне берілді.

- Байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;

- Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

- Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ақпараттандыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

- Дербес деректер және оларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және (немесе) бекіту;

- Қарау субъектінің немесе оның заңды өкілінің Дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы өтініші және тиісті шешім қабылдайды;

- Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзуға жол берген адамдарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдау;

- Меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан дәйексіз немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылау, бұғаттау немесе жою талаптары;

- Субъектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

- Инвестицияларды тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеуді және іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;

- Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқаманы орындау үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жіберу;

- Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқама береді.

Қазіргі таңда Басқармадағы орын алған  үлкен мәселелердің бірі  14 бақылау функциясы бойынша ақпараттандыру, байланыс, жеке деректерді қорғау салаларында мемлекеттік бақылау жүргізетін мамандардың тапшылығы сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.

Ұсыным: Ұлытау облысы әкімінің атына 14 бақылау функциясын атқару қызметі бойынша тағы екі штат  бөлу туралы қызметтік хат жолдау. 

YІІІ. Ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданып отырған кезеңде  Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан өтініш түседі.

Өніштердің басым бөлігі байланыс саласын жетілдіру мен қатар мемлекеттік органдарда жүйелерді орнату.

Сондай –ақ, өтініштерді қарастыру  бойынша мемлекеттік қызметшінің іс – әрекетіне шағымдану фактілері болмады.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

Қазақстан Республикасының Әкімшілік  рәсімдік- процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 72 –бабына сәйкес, әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән –жайларды жан –жақты, толық және объективті зерттеу үшін шаралар қабылдауға міндетті.

Талдау барысында өтініштерді сапалы қарамау фактілері анықталмады.

ІХ. Қаржы – шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқармасының бюджетінде келесі жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

Х. Жасырын қызметтерді анықтау.

Басқармада мемлекеттік қызметтерді көрсету функциясы жоқ.

 

ҰСЫНЫМДАР:

1). Ұлытау облысы әкімінің атына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына мен ақпараттандыру, байланыс, жеке деректерді қорғау салаларында мемлекеттік бақылау функцияларын атқару қызметі бойынша 4 штат  бөлу туралы қызметтік хат жолдау.  

        

                                                  

Ұлытау облысының цифрлық

технологиялар басқармасының

басшысы                                                                                              Е. Жазылхан Ұлы

Дата публикации
24 ноября 2025