Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Жайрем кентінің ауруханасы» КМҚК директорының бос лауазымына конкурс жариялайды. Мекеменің орналасқан жері: Ұлытау облысы, Қаражал қаласы, Жайрем кенті, Металлург көшесі, 28-үй, пошта индексі 100702, телефон 8(71043) 21275, E-mail: zhairem_bol@mail.ru.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімі және мамандығы бойынша сертификаттау курсынан (қайта даярлау) өткені туралы куәлік, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік тағайындау туралы куәлік немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білімі немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі немесе executive немесе full-time MBA дәрежесі, денсаулық сақтау менеджері сертификаты, денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясын, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін, 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін, 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын; қазіргі басқарушылық қызметтің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілерін; денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлау-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздерін; ұйым қызметін басқарудың экономикалық әдістерін және талдау тәсілдерін; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын; денсаулық сақтауда адами ресурстарды басқарудың озық тәжірибелерін; халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистика, критерийлер мен көрсеткіштерді; отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқарудағы ең үздік халықаралық тәжірибені; еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша ережелер мен нормаларды; төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін.
Лауазымдық міндеттері:
Ұйымның өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдер, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері үшін жауап береді. Ұйымның саясаты мен қызмет стратегиясын және оны іске асыру тетігін анықтайды. Диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған жаңа және қолданыстағы ұйымдық нысандар мен жұмыс әдістерін енгізуді және жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың қызметін көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау бойынша шаралар қабылдауға жеке жауапты. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін тиімді пайдалану, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды. Ұйым қызметіне талдау жүргізу және оның көрсеткіштерін бағалау негізінде жұмыс нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдайды. Әлеуметтік серіктестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, еңбек мотивациясының, бастамашылық пен белсенділіктің дамуына ықпал етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерттеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына жағымсыз әсер ететін басым факторларды айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін тиімді шаралар қабылдайды. Гигиеналық және індетке қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, санитариялық нормалар мен ережелердің, гигиеналық нормативтердің сақталуына жедел және зертханалық-инструменттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады. Медициналық этика талаптарының, заңдылықтың, соның ішінде қаржы-шаруашылық қызметті басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде сақталуын қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді қабылдайды және жұмыстан босатады. Шарттар жасайды, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды. Өз құзыреті шегінде барлық қызметкерлер үшін міндетті болатын бұйрықтар мен өкімдер шығарады. Мекемені мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта таныстырады. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптар, жабдық және механизмдердің техникалық эксплуатациясының, өрт қауіпсіздігінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақытылы есептілігін қамтамасыз етеді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚРДСМ-58/2020 «Денсаулық сақтау саласында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның бақылау кеңесі бар атқарушы органының басшысы немесе коллегиалдық атқарушы органының басшысы лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен специализациялар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға келесі құжаттарды ұсынады:
Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:
Құжаттар Ұлытау облысы, Қаражал қаласы, Жайрем кенті, Металлург көшесі, 28-үй, индекс 100702 мекенжайы бойынша, «Жайрем кентінің ауруханасы» КМҚК, №1 кабинетке, телефон 8(71043) 21275, E-mail: zhaireb_bol@mail.ru, конкурс туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде тапсырылады.