2024 жылға арналған амбулаториялық-емханалық тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша фармацевтикалық қызметтерді тендер тәсілімен сатып алу туралы хабарландыру.

"Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ, Жезқазған қ., Алаша алаңы, ғимарат 1, келесі препараттарды тендер тәсілімен сатып алуды жүргізу туралы   хабарлайды:

1)  Сатып алынатын қызметтердің  толық тізімі, көлемі мен толық өзгешеліктері конкурстық құжаттама  пакетінде көрсетілген.

2) Тауар жеткізушінің бөлшек желісіне жеткізілуі тиіс. Дәрі – дәрмекті  босату дәрігерлердің рецепті бойынша жеткізушінің бөлшек желісі арқылы  жүзеге асады. Жеткізу мерзімі: 2024 жылдың айсайын келесі айдың 5-ші күніне  дейін жеткізу кестесіне сәйкес аяқтау.

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 110 бұйрығымен бекітілген 9-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті өнім жеткізушілер жіберіледі;

4) Тендерлік құжаттама топтамасын  мына мекенжай бойынша: "Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ, 200000, Жезқазған қ., Алаша алаңы, ғимарат 1, 7 қабат 705 кабинет сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін немесе www.ulytau-densaulyk.kz веб-сайтында және zdravbux_obl_ulytau@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша 2024 ж. 19 мамырды қоса алғанда сағат 15.00-ге дейін мерзімде алуға болады.

Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2024 жылғы 20 мамыр сағат 13.00-ге дейін.

5) Тендерлік өтінімдермен конверттер 2024 жылғы 20 мамыр сағат 15.00-де  келесі мекенжай бойынша ашылады: Денсаулық сақтау басқармасы, 200000, Жезқазған қ., Алаша алаңы, ғимарат 1, 7 қабат 705 кабинет

Әлеуетті жеткізушілер тендерлік өтінімдермен конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 705 588 53 91 Гүлжан

Дата публикации
30 апреля 2024