Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы хабарландыру

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы хабарландыру

«Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру мақсатында 2026 жылғы 12 қазаннан бастап 30 жұмыс күні ішінде Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.

Хабарландыру! «Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы

«Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 301/НҚ «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің № 4 үлгілік базалық бағыты (ҮББ-4) жобаларын іске асыруды үйлестіру мақсатында 2026 жылғы 16 қазанда сағат 17:00-де Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.

Жария талқылауға қатысуға ниет білдірушілер төмендегі телефон нөмірі арқылы хабарласа алады:

Байланыс телефоны: 8 (7102) 99-95-09 (ішкі нөмірі 7406).

Өтетін орны: Жезқазған қаласы, Алаша алаңы, 1-ғимарат, 7-қабат, 703-кабинет.

Дата публикации
13 октября 2026