Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының басшысы (директоры)

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

 

«Ұлытау облысының білім басқармасы» ММ азаматтық қызметшілердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

        1.Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «№ 2 балалар музыкалық мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры;

Орналасқан жері: Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Жұбанов көшесі 11.

Оқыту тілі – қазақша, орысша. Қызмет түрі: Балаларға арналған қосымша білім беру.

 

2.Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданы білім бөлімінің «Оқушылар үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры.

Орналасқан жері: Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Бұлқышев к-сі 17

Оқыту тілі – қазақша, орысша. Қызмет түрі: Балаларға арналған қосымша білім беру.

3.Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры.

Орналасқан жері: Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Абай  к-сі 37

Оқыту тілі – қазақша, орысша. Қызмет түрі: Балаларға арналған қосымша білім беру.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

       Тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;

     Біліктілік санатына қойылатын талаптар: жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы", "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы;

         Білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

 

Білуге тиіс:

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, балаларға қосымша білім беру ұйымы жұмысының бейінін және оның ерекшеліктері;  педагогика мен психология;  педагогикалық этиканың нормалары; экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері; компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитариялық ережелер мен нормалар.

 

Лауазымдық міндеттері:

      Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымын ұйымның Жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарға сәйкес басқарады;

      мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында әлеуметтік, қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды;

      қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайды;

      білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

      білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайды;

      балалар мен ата-аналарды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

      педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;

      білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша жақын және алыс шет елдердегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады;

       басқару құрылымын айқындайды, балаларға қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады;

      педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңестің және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;

      оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

      жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді;

      есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;

     барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

 

Лауазымдық жалақының мөлшері лауазым бойынша еңбек өтілі мен орналасуына (ауыл, аудан орталығы, облыстық маңызы бар қала) қарай:

175 443 теңгеден 201 334 теңгеге дейін.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде көрсетілген мекенжайға ұсынылуы тиіс: 100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы,1. Ұлытау облысының білім басқармасы, каб 309. анықтама  үшін  телефон: : 87102 414757, электронды пошта u.bilim@ulytau-region.gov.kz

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;

10) ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)

11) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

12) түйіндеме;

13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

 

 

Конкурсқа қатысу үшін кандидат қосымша конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми жетістіктері туралы материалдарды ұсынады. зерттеу, педагогикалық тәжірибесін жалпылау, марапаттар, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат (олар болған кезде).

 

4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Тиісті ақпараттық жүйелер 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

 

Конкурстың кезеңдер бойынша өту мерзімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына» сәйкес белгіленеді.  

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін жадынамамен таныстырады. Байқаушылар конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына жазбаша нысанда ұсынады.

Конкурстық комиссияның отырысына байқаушы қатысатынын хабарлаймыз.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде көрсетілген мекенжайға ұсынылуы тиіс: 100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы,1. Ұлытау облысының білім басқармасы,  каб 309. анықтама  үшін  телефон: 87102600387, электронды пошта u.bilim@ulytau-region.gov.kz

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 февраля 2026