Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру
Ұлытау облысының әкімдігі "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес 2024-2025 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға өтінім беруге меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жіберіледі.
Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы 2024 жылғы 26 сәуірге дейін жүзеге асырылады.