«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің басталғаны туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Ұлытау облысының білім басқармасы «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» конкурсының өңірлік кезеңінің басталғанын хабарлайды.
Өңірлік кезеңге қатысу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
– «Еңбекпен биікке жет» тақырыбындағы мотивациялық хат, онда қатысушы «Адал азамат», «Заң және тәртіп» бірыңғай тәрбие бағдарламасының құндылықтары мен «Таза Қазақстан» идеологиясын ескере отырып, таңдаған мамандығын дамыту идеяларын, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бағытындағы көзқарасын ұсынады (350 сөзден аспауы тиіс);
– Қатысушының немесе жетекшісінің жеке әлеуметтік желідегі парақшасында не колледждің ресми аккаунтында жарияланған бейнеролигі. Бейнероликте қатысушы өзінің таңдаған мамандығына және колледжіне деген адалдығын көрсетіп, кәсіби дағдыларын қолдануын, сондай-ақ өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін таныстыруы қажет (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс, бейнероликке сілтеме көрсетіледі);
– Таңдаған мамандығы бойынша жеке жобасының презентациясы. Презентацияда қатысушы өзін болашақ маман ретінде таныстырып, цифрлық технологияларды және жасанды интеллект технологияларын белсенді қолдануын көрсетуі тиіс (7 слайдтан аспауы қажет).
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан өңірлік кезеңге колледжішілік I кезеңнің жеңімпазы атанған 5 (бес) студенттен артық емес үміткер ұсынылады.
Өңірлік кезеңге қатысуға арналған конкурс құжаттары 2026 жылғы 27 мамыр мен 19 маусым аралығында ulytaudaryny@mail.ru электрондық поштасына қабылданады.
Конкурстың өңірлік кезеңінің нәтижелері 2026 жылғы 29 маусымда жарияланады.
Жауапы маман: Ұлытау облысының білім басқармасының тәрбие жұмысы,техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы А.Кахарман. Байланыс номері: 87051190965.