Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға құжат қабылдау
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығы аясында оқуға қабылданады.
Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz «электронды үкімет» порталы және «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжаттар 20 маусым мен 25 тамыз аралығында қабылданады.
Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар үшін арнайы конкурстар өткізіледі.