GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Мәслихат туралы
Қызметі
Все материалы
30 сентября 2026
2026 жылдың 30 қыркүйекте Ұлан аудандық мәслихаттың кезектен тыс LVІІI cессиясы өтті

2026 жылдың 30 қыркүйекте VІІІ шақырылған Ұлан аудандық мәслихаттың кезектен тыс LVІІI cессиясы өтті. Сессияда Ұлан аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №273 «2026-2028 жылдарға арналған Ұлан ауданының бюджеті туралы» шешімге өзгеріс енгізу туралы  сұрақ қаралды.

Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

29 сентября 2026
Ұлан аудандық мәслихатының депутаттары мен тұрғындарының назарына.

  

Ұлан аудандық мәслихатының депутаттары мен тұрғындарының назарына.

Сегізінші шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының кезектен тыс  LVIII сессиясы 2026 жылғы қыркүйек айының 30 күні сағат 9.00-де аудан әкімдігінің ғимаратында  өткізіледі.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 8.30-да басталады.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

  • Ұлан аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 273 «2026-2028 жылдарға арналған Ұлан ауданының бюджеті туралы» шешімге өзгеріс енгізу туралы;
  • Әр түрлі.

 

Сегізінші шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының кезектен тыс  LVIX сессиясы 2026 жылғы қазан айының 1 күні сағат 9.00-де аудан әкімдігінің ғимаратында  өткізіледі.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 8.30-да басталады.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1)      Ұлан аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Ұлан ауданының ауылдық округтер мен кенттер бюджеті туралы» 2025 жылдың 26 желтоқсандағы № 278 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2)      Әр түрлі.

29 сентября 2026
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМА

Ұлан аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық  Заңының  10  бабын басшылыққа ала отырып, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары құрамы мүшелерінің төмендегі бос орындарына кандидатуралар ұсынылатынын  хабарлайды:

 

№

Сайлау комиссиясының нөмірі, атауы, орналасқан елді-мекені

Мүшелікке бос орын саны

1

№2 – округтік сайлау комиссиясы Айыртау ауылы, Танабаев көшесі, № 1

3

2

№6 – округтік сайлау комиссиясы Саратовка ауылы, Молодежная көшесі, № 4

2

3

№8 – округтік сайлау комиссиясы Қасым Қайсенов кенті, З. Ахметов көшесі, № 6/61

1

4

№11 – округтік сайлау комиссиясы Тарғын ауылы, Қасым Қайсенов көшесі, № 29

1

5

№977 – учаскелік сайлау комиссиясы Алғабас ауылы, Орталық көшесі, 52

1

6

№986 – учаскелік сайлау комиссиясы Қасым Қайсенов кенті, З. Ахметов көшесі, 26/1

1

7

№999 - учаскелік сайлау комиссиясы                               Герасимовка ауылы,  Д. Қонаев көшесі, 1 Б

2

8

№1000 - учаскелік сайлау комиссиясы   Украинка ауылы,  Школьная көшесі, 24                            

2

9

№1155 - учаскелік сайлау комиссиясы  Қасым Қайсенов кенті,  З.Ахметова көшесі, 5

1

 

 

 


             Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі  Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихат сайлайды.

     Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

      Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

       Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері, жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;

3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

      Сайлау комиссиясының мүшесi Ұлан ауданының аумағында тұруға тиiс.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Заңының 23-бабы                                     3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Заңының 20-бабына сәйкес сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

        Мәслихатқа қағаз нысанында ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.

         Ұсыныстарды қабылдау және қажетті құжаттар туралы қосымша ақпарат алу 2026 жылдың 29 қыркүйек 2026 жылдың 14 қазанның аралығына аптаның жұмыс күндері сағат 08:00-дан бастап 17:00-ге дейін жүзеге асырылады. Түскі үзіліс 12:00-дан 13:00-ға дейін.

Құжаттар төмендегі мекен-жайға тапсырылады:

Қасым Қайсенов кенті, Абай даңғылы 5, «Ұлан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі. қызметтік телефон нөмірі 77-412, электрондық пошта мекенжайы: ulan-maslihat@mail.ru

  

 

Ұлан аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                                    Г. Калиева 

10 сентября 2026
Ұлан аудандық мәслихатының бюджет, экономикалық реформа және аумақтық даму мәселесі бойынша, сондай-ақ депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және элеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Құрметті жерлестер!

Бүгін 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихатының бюджет, экономикалық реформа және аумақтық даму мәселесі бойынша, сондай-ақ депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және элеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырыс барысында Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындалуы туралы, сондай-ақ Багратион ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді және сайлауалды бағдарламаның орындауы туралы есептері тыңдалды.

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар нақты ұсынымдар мен ұсыныстар енгізіп, тиісті қаулылар қабылдады.

10 сентября 2026
2026 жылдың 10 қыркүйекте Ұлан аудандық мәслихаттың кезекті LVІІ cессиясы өтті

Құрметті жерлестер!

 

2026 жылдың 10 қыркүйекте VІІІ шақырылған Ұлан аудандық мәслихаттың кезекті LVІІ cессиясы өтті. Сессияда келесі сұрақтар қаралды:

  1. Ұлан ауданының әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы.

А.І. Бекбосынов - аудан әкімі.

  1. Аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясының есебі.

И.У. Тулегенов - тұрақты комиссияның төрағасы.

  1. Әр түрлі.

Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

https://www.youtube.com/live/vE8JxW5N-io

 

26 августа 2026
Ұлан аудандық мәслихатының депутаттары мен тұрғындарының назарына:

  2026 жылғы қыркүйек айының 10 күні сағат 09.00 - де тұрақты комиссияның 2026 жылға бекітілген жоспарына сәйкес, мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және элеуметтік сала сұрақтары бойынша комиссияның кезекті отырысы өтеді.

           Күн тәртібінде:

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді 2026-2027 жылдардың жылыту маусымына дайындау қорытындылары туралы.

             Д.А. Алдажаров – аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

  1. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына енгізілетін шешімдердің жобасын қарау.
26 августа 2026
Ұлан аудандық мәслихатының депутаттары мен тұрғындарының назарына

2026 жылғы қыркүйек айының 10 күні сағат 09.00 - де тұрақты комиссияның 2026 жылға бекітілген жоспарына сәйкес, мәслихаттың  бюджет, экономикалық реформа және аумақтық даму мәселесі бойынша тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтеді.

           Күн тәртібінде:

  1. Багратион ауылдық округінің әкіміне жүктелген функцияларының, міндеттерінің, сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы есебі;

А.Ж. Чурбанов - Багратион ауылдық округінің әкімі.

  1. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына енгізілетін шешімдердің жобасын қарау.
26 августа 2026
Ұлан аудандық мәслихатының депутаттары мен тұрғындарының назарына

 Ұлан аудандық мәслихатының депутаттары мен тұрғындарының назарына:

Сегізінші шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының кезекті LVІI сессиясы 2026 жылғы қыркүйек айының 10 күні сағат 10.00-де аудан әкімдігінің ғимаратында  өткізіледі.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 9.30-да басталады.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

  1. Ұлан ауданының әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы.

          А. І. Бекбосынов – Ұлан ауданының әкімі.

  1. Аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясының есебі.

Тұрақты комиссияның төрағасы.

  1. Әр түрлі.
06 августа 2026
2026 жылдың 5 тамызда VІІІ шақырылған Ұлан аудандық мәслихаттың кезектен тыс LVІ cессиясы өтті.

Құрметті жерлестер!

2026 жылдың 5 тамызда VІІІ шақырылған Ұлан аудандық мәслихаттың кезектен тыс LVІ cессиясы өтті. Сессияда келесі сұрақ қаралды:

  • Ұлан аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Ұлан ауданының ауылдық округтер мен кенттер бюджеті туралы» 2025 жылдың 26 желтоқсандағы № 278 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.  

06 августа 2026
2026 жылдың 31 шілдеде VІІІ шақырылған Ұлан аудандық мәслихаттың кезектен тыс LV cессиясы өтті

Құрметті жерлестер!

2026 жылдың 31 шілдеде VІІІ шақырылған Ұлан аудандық мәслихаттың кезектен тыс LV cессиясы өтті. Сессияда келесі сұрақтар қаралды:

- Ұлан аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы                  № 273 «2026-2028 жылдарға арналған Ұлан ауданының бюджеті туралы» шешімге өзгеріс енгізу туралы;

- 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 279 «2026-2030 жылдарға арналған Ұлан ауданының даму жоспарын бекіту туралы» шешімге өзгеріс енгізу туралы;

- Ұлан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы                    № 103 «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы