Меню

Страницы

Статья

Ұлан аудандық мәслихаты төрағасының 2024 жылға арналған есебі

Құрметті депутаттар!

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының талаптарына сәйкес аудандық мәслихат депутаттарының есепті кезеңдегі жұмысы туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамын.

Ауданның өкілді және атқарушы органдары қызметінің негізгі мақсаты өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін және халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылады. Ел Президенті 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында мемлекеттік органдар алдындағы орта мерзімді кезеңге арналған міндеттерді айқындады. Депутаттар мемлекеттік органдармен бірлесіп Жолдауда қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі жұмысқа белсене кірісті.

Өздеріңіз білетіндей 2024 жылы 3 қазанда Астана «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылған II республикалық барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумы өткен болатын, Осы форумға аудандық мәслихаттардың депутаттары да қатысты.

Мәслихат депутаттарының II республикалық форумында сөз алған ҚР Президенті Қ.К Тоқаев жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі негізгі институт ретінде мәслитхаттарға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Еліміздегі көп шаруа мәслихат депутаттары қызметінің тиімділігіне тікелей байланысты екендігін екпін жасады. Сонымен қатар, шаруаға ширақ  әрі елге жанашыр азаматтардың әкім болғаны дұрыс. Оларға жан-жақты қолдау көрсету керек. Әсіресе, мәслихат депутаттары мен әкімдердің бірлесе жұмыс істегені жөн. Өйткені оларды мемлекеттің жергілікті жердегі қос тірегі деуге болады, деді Қасым-Жомар Тоқаев.  

         Форум жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, заң шығару процесін оңтайландыру, азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін арттыру және т. б. сияқты өзекті мәселелерді талқылауға арналған бірегей алаңға айналды.

Депутаттар өңірді дамытудың аса маңызды проблемаларын талқылауды және мәслихаттың жұмыс жоспарына енгізілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдауды мәслихат қызметінің негізгі нысаны болып табылатын сессияларда жүзеге асырады. Өткен кезеңде 15 сессия, оның ішінде 3 кезекті және 12 кезектен тыс сессия өткізілді. Аудандық мәслихаттың құзыретіне сәйкес есепті кезеңде 76 шешім қабылданды, оның ішінде нормативтік құқықтық сипаттағы 8 шешім әділет органдарында тіркелді және Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланды.

Мәслихат сессияларында, 2023 жылы аудандық бюджет қаражаттарын жоспарлы түрде жұмсау және ауылдық округтерде қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, бюджеттің орындалуы және Шығыс Қазақстан облыстық тексеру комиссиясы жүргізген бақылаудың нәтижелері және Ұлан ауданындағы ауылдық округтердің 2023 жылғы бюджетінің орындалуы туралы, ауылдық округ әкімдеріне жүктелген функциялар міндеттердің орындалуы туралы сұрақтар қаралды.

Жыл көлемінде аудандық мәслихаттың сессияларында бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Мемлекеттік мекемелер басшыларының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жағдайы,  аудандағы  бірыңғай индустрияландыру картасы жобаларын іске асыру барысы және жайылымдарды басқару және 2023 жылы пайдалану жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын орындау бойынша қабылданған шаралар туралы аудан әкімі аппаратының басшысының есебі тыңдалды.

Ауданның әлеуметтік аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізу, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды анықтау мәселелері талқыланды. Бұл өзгерістер әлеуметтік қолдауды жетілдіру мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.

Жоғарыда аталған сұрақтар бойынша қабылданған шешімдердің іске асырылуы аудандық мәслихаттың бақылауына алынды.

Аудандық мәслихаттың сессияларында, сондай-ақ, аудан және кент және ауылдық округ бюджеттерін бекіту және нақтылау жөніндегі өкілеттіктер іске асырылады. Есепті кезеңде аудандық бюджет 6 мәрте және кенттер мен ауылдық округтер бюджеті 6 мәрте нақтыланды.

         Аудандық мәслихат сессияларында ауданның өзекті мәселелерін тиімді шешуге бағытталған аудандық әкімдік жанындағы әртүрлі мәселелер бойынша ведомствоаралық комиссиялардың жаңа құрамдары бекітіліп, комиссиялардың қызметін оңтайландыру мақсатында олардың құрамына қажетті түзетулер енгізу мәселелері қарастырылды. Бұдан бөлек, кредиттерді қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы бекітіліп, аудандық жер комиссиясының жаңа құрамы туралы да шешім қабылданды.

Сонымен қатар, сессияда бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы ұсыныс қаралды. Бұл шара кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін және ауданның бизнес ортасын дамыту мақсатында қабылданды.

Сессияда аудандық мәслихаттың Ережесіне, тұрақты комиссия құрамына өзгерістер енгізу және ауданымыздың дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға Ұлан ауданының құрметті азаматы атағын беру мәселелері қаралды.

Мәслихат өз өкілеттігін тек сессияларда ғана емес, тұрақты комиссиялар мен өзге де органдар арқылы да жүзеге асырады. Аудандық мәслихатта екі тұрақты комиссия жұмыс атқарады.

Қабылданған жұмыс жоспарларына сәйкес есепті кезеңде комиссиялардың 6 отырысы өткізілді, онда 11 лауазымды адамның, оның ішінде аудандық бөлімдердің, ұйым басшыларының және ауылдық округ әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. Комиссиялар отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға ұсынымдар енгізілді, тиісті қаулылар қабылданды.

Аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссияның Бозанбай ауылында көшпелі отырысы өтті. Алғашқы болып, Бозанбай ауылдық округі әкімі Р.Т. Мукашеваға жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп тыңдалды. Сонымен қатар, отырыста Ұлан ауданы бойынша мектептердегі тамақтану сапасы туралы аудандық білім беру бөлімінің басшысы Р.Е. Джаманбаев мектеп асханаларының жағдайы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуы туралы ақпарат берді. Өз кезегінде, Бозанбай орта мектебіндегі асхананың жұмысы туралы мектеп директоры А.К. Бухатова нақты ақпарат беріп, мектеп оқушыларының тамақтану сапасын жақсарту бағытында атқарылып жатқан шаралармен таныстырды.

Тұрақты комиссиялар жұмысының нәтижелері аудандық мәслихат сессияларында жеке талқыланады. Біз аудандық мәслихаттың кезекті 22 сессиясында мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссия төрағасының есебі тыңдалды. Бүгін бюджет, экономикалық  реформа, өңірлік даму сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебін тыңдаймыз.

Сегізінші шақырылған аудандық мәслихатта бір депутаттық бірлестік тіркелген: «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің депутаттық фракциясы, оның басшысы Еркежан Мұратқанқызы Абраимова.

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде аудандық мәслихат депутаттары мен аппараттары қызметкерлері мәслихаттардың қызметін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, заңнаманы дамыту үрдісі, тиімді коммуникацияны дамыту мәселелері бойынша және жергілікті маңызы бар өзге де салалық мәселелер бойынша Семей қаласында өткен тренингтерге қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен мәслихаттар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ-мен бірлесіп «Парламентаризм институты» өткізді.

Депутаттар қоршаған ортаны қорғау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша ел Президенті бастамашылық жасаған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсене қатысты.

Депутаттар өз сайлаушыларымен жұмыста да белсенді. Депутаттар, бірінші және төртінші тоқсанда сайлаушылармен 65 кездесулер өткізді, 95 мәселе  көтерілді. Мәселелер халықтың тыныс-тіршілігінің барлық аспектілеріне қатысты болды, оның ішінде медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді жөндеу және салу, елді мекендерде балалар мен спорт алаңдарын салу, кентішілік жолдарды жөндеу, интернет байланысын жолға қою және т.б.

Сайлаушылардың мәселелерін шешу үшін депутаттар түрлі органдарға 77 депутаттық сауал жолданды. Бүгінгі күнге 61 сауалға ресми жауап қайтарылды. Сонымен қатар, 16 депутаттық сауалға жауап қайтарылған жоқ («Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» АҚ 2 сауалға, облыстық басқармалармен 3 сауалға, аудандық бөлімдермен 7 сауалға, аудан әкімінің орынбасары Р. Болатқан 3 сауалға, аудан әкімінің орынбасары Л.К. Кенжетаева 1 сауалға).

Депутаттар бекітілген кестеге сәйкес  «AMANAT» саяси партиясының Ұлан аудандық филиалындағы қоғамдық қабылдау бөлімінде және өздерінің сайлау округтерінде азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдаулар өткізді. Мен өз тарапымнан жеке мәселелері бойынша 16 адамды қабылдадым, 24 мәселе көтерілді. Мәселелер «Ақжол» еріктілер қозғалысының жұмысын дамыту,  елді мекеннің атауын өзгерту туралы,  елді мекендерді абаттандыру, иесіз малдар бойынша, көпбалалы отбасыларынан шыққан балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсету, Қасым Қайсенов-Өскемен бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдау туралы   болды.

Сондай-ақ жеке сипаттағы көптеген мәселелер болды: қиын отбасылық жағдайға байланысты материалдық көмек көрсету, жер учаскелерін беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ауданның құрметті азаматы атағын беру, жас мамандарға арналған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме ақы төлеу туралы, заңгерлік көмек көрсету туралы және т.б. қатысты болды.

Депутаттар өздері басшылық ететін кәсіпорындар есебінен және жеке қаражаттары есебінен қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетіп отырады.

Мәслихат аппараты тоқсан сайын депутаттардың сайлаушылармен жұмысының қорытындысын шығарады. Аудандық мәслихаттың барлық іс-шаралары ашық және айқын өткізіледі. Сессиялар жұмысына мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары, үкіметтік емес бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Мәслихат сессияларының жалпы отырыстары Интернет желісінде онлайн таратылады. Депутаттардың қызметі аудандық газеттердің беттерінде жарияланады.

Ұлан аудандық өкілді биліктің ресми сайтының жұмысы аудандық мәслихат депутаттарының жұмысы туралы халықтың хабардар болуын жақсартуға бағытталған.

Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік желілер біздің шындыққа айналды және біз оларды азаматтармен кездесулермен, қабылдаулармен қатар сайлаушылармен кері байланыс үшін белсенді пайдалануымыз керек.  Көбінесе депутаттың белсенділігі әлеуметтік желілердегі белсенділік бойынша анықталады.

Биыл Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл толды. Осы датаны мерекелеу аясында Парламент, Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі және т.б. ұйымдастырған іс-шаралар өтті. Мәселен, тоғызқұмалақ пен шахматтан турнирлер өтті, олар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау және осы спорт түрлерін насихаттау мақсатында өткізілді. Аудандық мәслихат депуататы Е.М. Абраимова  жарыстарда лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Құрметті депутаттар!

Өз есебімді Президенттің мәслихаттар депутаттары форумында сөйлеген сөзінен үзіндімен аяқтағым келеді: «Мәслихат – мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы. Аймақ жұртшылығының тыныс-тіршілігі, мұң-мұқтажы қашанда мәслихат депутаттарының жіті назарында болуға тиіс. Сайлаушылардың мүддесін қорғап, ел үмітін ақтау – басты парыз».

Құрметті депутаттар!

Еңбегіміз жемісті, бірлік-берекеміз мықты, болашағымыз жарқын болсын!

Назарларыңызға рақмет! 

Дата публикации
05 января 2025
Дата обновления
05 января 2025
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Баяндама
05 января 2025
Аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясының есебі
Баяндама
05 января 2025
Аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар, аймақтық даму сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі
Баяндама
05 января 2025
Ұлан аудандық мәслихаты төрағасының 2024 жылға арналған есебі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы