Аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясының есебі
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар !
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабына сәйкес мәслихат өзінің жұмыс уақытына тұрақты комиссия құрады.
VIII шақырылған Ұлан аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясы мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында құрылған, комиссия төрағасы міндеті маған жүктелді.
Комиссия құрамына менен басқа келесі депутаттар кіреді: Абраимова Еркежан Мұраткановна, Мырзабек Пәйзолла, Рахымбердинов Архат Ахметоллаевич, Нуртай Тилеужан, Тулегенов Ильяс Уралбекович.
Тұрақты комиссияның өз активі бар, оның құрамына кейбір аудандық ұйымдар мен мекемелердің басшылары, аудандық әкімдіктің бөлім басшылары кіреді, біз олармен бірге кезекті сессияға және тұрақты комиссияның отырыстарына бірлесе дайындық жүргіземіз.
Тұрақты комиссияның жұмысы аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына және комиссияның өз жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Жыл сайын аудандық мәслихатта тұрақты комиссиямен атқарылған жұмыстар қорытындыланады. Ағымдығы жылдың басынан бері 1 комиссия отырысы болып өтті (көшпелі жиналыс).
2023 жылдың қыркүйек айында өткен комиссияның есеп беру жиналысында жылжымалы комиссия отырыстарын, көпшілік тыңдауларды өткізуді тәжірибеген енгізу туралы шешім қабылданған болатын. Соған сәйкес 1 тоқсанда комиссияның көшпелі отырысын 2024 жылдың ақпан айында Бозанбай ауылында өткіздік. Күн тәртібіне сәйкес ауылдық округтерінің әкімдеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы Бозанбай ауылдық округінің әкімі Р.Т.Мукашеваның есебі және Ұлан ауданы бойынша білім беру мекемелеріндегі тамақтандыруды ұйымдастыру туралы бөлім басшысы Ринат Ерболович Джаманбаевтың есебі тыңдалды. Сонымен қатар Бозанбай орта мектебіндегі тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жұмысы бойынша мониторинг жүргізіліп, акт жасалды. Берілген есептер мен жүргізіліген мониторинг бойынша төмендегідей шешімдер қабылданды:
1.2. Бозанбай ауылдық округінің әкіміне:
- инвестиция тарту;
- мемлекеттік-жекеменшік ынтымақтастықты дамыту;
- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру;
- әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- салық салу базасын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру ұсынылсын.
Комиссияның 2-ші отырысында «Балалардың жазғы демалысын, сауықтыруын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Ринат Ерболович Джаманбаевтың есебі тыңдалып, шешім қабылданды.
Барлық комиссия мүшелері осы аралықта өздеріне берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен тиянақты қарайды. Біз сессиянының өткізуіне дайындыққа белсенді қатысамыз, сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселерге ұқыптылықпен қарап, өзіміздің сайлау округтерінде осы сұрақтар қалай шешіліп, орындалып жатқаның белгілейміз. Аудандық мәслихатқа толық анықтама ұсынамыз, қарастырып жатқан мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгіземіз. Ұсыныстар шешімдерде орнын табады. Сессияға енгізілетін шешімдер жобалары, түрлі сұрақтар комиссияның отырыстарында қаралады. Комиссия жұмысына аудандық мәслихаттың хатшысы Гульмайра Набиевна Калиева қатысады.
Қажеттік уақытында аудандық ұйымдардан басшыларын және мамандарын комиссия отырысына қатысуға шақырамыз. Біз аудандық мәслихаттың басқа да тұрақты комиссияларымен тығыз жұмыс атқарамыз, себебі қаралып отырған сұрақтардың барлығы дерлік депуттардың барлығына қатысты. Сонымен қатар қабылданған шешімдерді бақылауға қоямыз.
Мемлекеттік қызметкерлерді, бюджеттік мекеме қызметкерлерді, атқарушы өкілді органдарында, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару органдарында, этиканы бұзып, ескерту ешкім алған жоқ.
Әлеуметтік –экономиканың және мәдениеттің дамуына үлес қосып жатқан депутаттар өзінің сайлаушыларының арасында құрметте жүрген адамдардың бірі деп ойлаймын.
Біздің келешектегі депутаттық қызметімізге ескерту және ұсыныстар болса, біз оларды өзіміздің назарымызға аламыз.