Меню

Страницы

Статья

Аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар, аймақтық даму сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі

Ұлан аудандық мәслихатының

бюджет, экономикалық реформалар, аймақтық даму сұрақтары

жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі

 

Құрметті депутаттар!

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабына сәйкес мәслихат өзінің жұмыс уақытына  тұрақты комиссия құрады.

VIII шақырылған аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар, аймақтық даму сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясы мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында құрылған, комиссия төрағасы міндеті маған жүктелді.

Тұрақты комиссия құрамына менен басқа келесі депутаттар кіреді: Василий Васильевич Гладышев, Дамир Женисханович Токанов, Сергей Анатольевич Кучерин.

Тұрақты комиссияның қызметі есепті кезең ішінде қолданыстағы заңнамаға, Ұлан аудандық мәслихатының регламентіне және жоспарына сәйкес жүзеге асырылды. Заң нормаларына сәйкес жыл сайын аудандық мәслихатта тұрақты комиссиямен атқарылған жұмыстар қорытындыланады. Биылғы жылдың басынан бері әр тоқсандағы кезекті тұрақты комиссия отырысы болып өтті.

Аудандық мәслихат қызметінде бюджетті қалыптастыру, экономиканы дамыту, аймақты дамыту мәселелері басты мәселелердің бірі болып табылады.

Сессияларға дайындық, ауданның тыныс – тіршілігінің өзекті мәселелерін қарау және өзекті шешімдер қабылдау-депутаттардың басты міндеті.

Есепті кезеңде 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджетке 6 мәрте өзгеріс енгізілді және кірістердің түсуін қамтамасыз ету және алынған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кенттер мен ауылдық округтер бюджеттеріне 6 мәрте өзгертілді:

- бюджет қаражатының бос қалдықтары бөлінді;

- бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері түзетілді;

- жоғары тұрған бюджеттерден нысаналы трансферттер нақтыланды.

Есепті кезеңде тұрақты комиссияда 2023 жылғы Ұлан ауданының ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы сұрақтар қаралды, оның ішінде:

- Багратион ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы;

- Бозанбай ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы;

-  Егінсу ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы.

Есепті кезеңде қаралған мәселелердің арасында екі маңызды тақырыпты атап өтуге болады: Таврия ауылдық округінің аббатандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын қамтамасыз ету, сондай-ақ Тарғын ауылдық округінің әкімінің міндеттерінің орындалуы мен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының округте жүзеге асырылуы туралы.

Таврия ауылдық округін аббатандыру және санитарлық тазалығын қамтамасыз ету туралы округ әкімінің есебінде, округте қоршаған ортаны қорғау, ауылды көркейту, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау мақсатында жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері  Таврия ауылдық округінде санитарлық тазалық айлығы, көше бойларын қоқыстан тазарту, қалдықтарды жинау мен шығару шаралары үздіксіз ұйымдастырылған. Атап айтқанда, округтің барлық аумағында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, көпшілік пайдаланатын орындарда абаттандыру шаралары іске асырылған. Сонымен қатар, тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру мақсатында түрлі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жалғасуда.

Комиссия отырыстарында қаралған мәселелерге комиссия мүшелері бастамашылық етті, оларды қарау кезінде олар белсенді қатысып, нақты ұсыныстар енгізді. Мәселелерді қарау нәтижелері бойынша комиссия маңызды және іскерлік ұсынымдардан тұратын қаулылар шығарады.

Комиссия мүшелерінің қызметінде ауылдық округтердегі жұмыс маңызды орын алады. Депутаттар азаматтардың өтініштерін қарайды және өз құзыреті шеңберінде халықтың проблемаларын шешуге көмек көрсетеді.

Депутаттар Ұлан ауданының аумағында өткен қоғамдық тыңдауларға, көшпелі отырыстарға, саяси кеңестің отырыстарына, сондай-ақ аудан әкімдігі мен ауылдық округтердің әкімдері ұйымдастырған іс-шараларға белсенді қатысады, Қоғамдық кеңестің құрамына және ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастығына, сондай-ақ аудан әкімдігінің әртүрлі ведомствоаралық комиссияларына кіреді.

Бұдан басқа, депутаттар өз қызметін «Amanat» партиясының депутаттық фракциясында жүзеге асырады, онда жеке мәселелер бойынша тоқсан сайынғы кездесулер өткізіледі.

Депутаттар қоғамдық негізде жұмыс істесе де, өмір жоғары талаптар қояды. Уақыт жергілікті жерлердегі өкілді және атқарушы биліктің тығыз өзара іс-қимылын, тату әрі жауапты жұмысын талап етеді. Біздің міндетіміз ортақ – бұл Ұлан ауданын одан әрі дамыту.

Барлық депутаттарға, аудандық мәслихат аппаратына, әкімдік қызметкерлеріне бірлескен жұмыс үшін алғысымды білдіремін және барлығымызға табыс тілеймін.

Қорытындылай келе, бюджет, экономикалық реформалар, аймақтық даму сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссия бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру үшін өз қызметінің нысандары мен әдістерін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыратынын айтқым келеді.

 

Назарларыңызға рақмет.

Дата публикации
05 января 2025
Дата обновления
05 января 2025
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Баяндама
05 января 2025
Аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар, аймақтық даму сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі
Баяндама
05 января 2025
Ұлан аудандық мәслихаты төрағасының 2024 жылға арналған есебі
Баяндама
05 января 2025
Аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясының есебі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы