Аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясының есебі
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар !
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабына сәйкес мәслихат өзінің жұмыс уақытына тұрақты комиссия құрады.
VIII шақырылған аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясы мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында құрылған, комиссия төрағасы міндеті маған жүктелді.
Тұрақты комиссия құрамына менен басқа келесі депутаттар кіреді: Еркежан Мұратқанқызы Абраимова, Мырзабек Пәйзолла, Архат Ахметоллаевич Рахымбердинов, Нуртай Тилеужан, Илияс Уралбекұлы Тулегенов.
Тұрақты комиссияның өзінің активі бар, оның құрамына кейбір аудандық ұйымдар мен мекемелердің басшылары, аудандық әкімдіктің бөлімдерінің басшылары енген, біз олармен бірге кезекті сессияға және тұрақты комиссияның отырыстарына бірлесе дайындық жүргіземіз.
Тұрақты комиссияның жұмысы аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына және комиссияның өз жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Жыл сайын аудандық мәслихатта тұрақты комиссиямен атқарылған жұмыстар қорытындыланады. Өздеріңіз білетіндей наурыз айында өткен сайлаудан бері комиссия құрамы қалыптасып 2 және 3 тоқсанда кезекті тұрақты комиссия отырысы болып өтті.
Комиссия қарауында «Ұлан ауданы елді мекендерінің санитарлық жағдайы туралы» аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д. А. Алдажаровтың, «Аудандық ішкі саясат бөлімінің үкіметтік емес ұйымдармен жұмысы туралы» аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н. Садыковтың есептері қаралып комиссиямен қаулы қабылданды. Сонымен қатар, ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы КММ директоры А.А. Сыдыковтың «Ұлан ауданында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру барысы туралы» ақпараты тыңдалып кезекті сессия қарауына кіргізу туралы тиісті қаулы қабылданып кезекті сессияға енгізілді. 2023 жылдың 27 маусымда өткен кезекті 8 сессияда заң нормаларында белгіленген нормаларды басшылыққа ала отырып тиісті ұсынымдар берілді және орындалуы комиссия бақылауына алынды.
Барлық комиссия мүшелері өздеріне берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен тиянақты қарайды. Біз сессиянының өткізуіне дайындыққа белсенді қатысамыз, сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселерге ұқыптылықпен қарап, өзіміздің сайлау округтерінде осы сұрақтар қалай шешіліп, орындалып жатқаның белгілейміз. Аудандық мәслихатқа толық анықтама ұсынамыз, қарастырып жатқан мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгіземіз. Ұсыныстар шешімдерде орнын табады. Сессияға енгізілетін шешімдер жобалары, түрлі сұрақтар комиссияның отырыстарында қаралады. Комиссия жұмысына аудандық мәслихаттың төрағасы Гульмайра Набиевна Калиева қатысады.
Қажет уақытында аудандық ұйымдардың басшыларын және мамандарын комиссия отырысына қатысуға шақырамыз. Білім бөлімінің қызметкерлері, әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері, ішкі істер қызметкерлері тұрақты комиссияның жұмысына белсенді қатысады.
Біз аудандық мәслихаттың басқа да тұрақты комиссияларымен тығыз жұмыс атқарамыз, себебі қаралып отырған сұрақтардың барлығы дерлік депуттардың барлығына қатысты. Сонымен қатар, қабылданған шешімдерді бақылауға қоямыз.
Мемлекеттік қызметкерлерді, бюджеттік мекеме қызметкерлерді, атқарушы өкілді органдарында, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару органдарында, этиканы бұзып, ескерту ешкім алған жоқ.
Экономиканың, әлеуметтің және мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосып жатқан депутаттар өзінің сайлаушыларының арасында құрметте жүрген адамдардың бірі деп ойлаймын.
Біздің келешектегі депутаттық қызметімізге ескерту және ұсыныстар болса, біз оларды өзіміздің назарымызға аламыз.
Тұрақты комиссия төрағасы Б.А.Касымова