Құрметті депутаттар!
Депутаттар корпусы үшін осы жыл үлкен жаңалықтан басталды. Президент Жарлығына сәйкес мәжіліс пен мәслихаттар таратылып, жаңартылған форматта қайта сайланды.
Аудандық мәслихаттың жаңа құрамы ағымдағы жылдың наурыз айында республикалық референдумда қабылданған, Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша қалыптасты.
Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бір мандатты округтер бойынша өтті. Депутаттық корпус құрамы бойынша: 10 депутат «AMANAT» саяси партиясынан, бұл 83,4 пайызды құрайды, 1 депутат «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясынан (8,3 %) және 1 депутат Қазақстан халық партиясынан (8,3 %). Аудан бойынша бір депутаттық орынға 8 сайлау округі бойынша 3 адамнан, 4 сайлау округі бойынша 4 адамнан үміткер болды. Мәслихатта заңмен бекітілген депутаттық мандаттардың 30 пайызын әйелдер, жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бөлу жүйесі сақталды.
Жаңадан сайланған 12 депутаттың ішінде өткен құрамдағы 3 депутат жаңа шақырылымдағы жұмысын жалғастырды, оның ішінде 2 депутат сайлаушылардың сеніміне ие болып екінші мерзімге және 1 депутат бесінші мерзімге сайланды, сонымен қатар, 1 депутат арасында үзіліс болып үшінші мерзімге, 8 депутат аудандық мәслихатқа алғаш рет сайланды.
Депутаттардың 10 жоғары білімді және 2 депутат арнаулы-орта білімді. Білімі жағынан депутаттар жан-жақты, көптеген саланы қамтиды. 7 депутат гуманитарлық бейімділікпен, 5 техникалық біліммен. Бұл біздің депутаттарымыздың көптеген мәселелер бойынша құзыретін растайды.
Жаңа шақырылымдағы депутаттық корпустың басым міндеттері экономика мен халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік сала мен халықты әлеуметтік қорғау проблемаларын шешу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Аудан депутаттарының бақылауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру, сондай-ақ негізгі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу мәселелері болады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын іске асыру кезінде депутаттарға, олардың сайлаушылармен тікелей жұмысына ерекше рөл беріледі.
Депутаттардың сайлауалды үгіт-насихат жүргізу кезінде келіп түскен сайлаушылардың тапсырыстары мен ұсыныстарын орындау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Барлығы 148 арыз-талаптар келіп түскен, оның бүгінгі күнге 46 орындалды, 33 сұрақтар бойынша түсініктеме берілді, ал 69 бақылауда тұр.
Депутаттардың жаңа құрамы осы көктемде сайланғанымен, екінші және үшінші тоқсанда сайлаушылармен 48 кездесулер өткізілді, 95 мәселе көтерілді. Кездесулер барысында түскен 95 сұрақтың, 10 түсіндірілді, 35 сұрақ бойынша аудандық атқарушы органдармен бірлесе шешімі табылды, 50 мәселе бақылауды тұр.
Депутаттар бекітілген кестеге сәйкес «AMANAT» саяси партиясының Ұлан аудандық филиалындағы қоғамдық қабылдау бөлімінде және өздерінің сайлау округтерінде азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдаулар өткізді. Мен өз тарапымнан жеке мәселелері бойынша 14 адамды қабылдадым. Мәселелер мектептерді, медициналық мекемелерді жөндеу, елді мекендерді абаттандыру, жолдарды жөндеу, интернет байланысын орнату, тұрғын үй салу, көшелерді жарықтандыру және т.б. қатысты болды. Халықтан келіп түскен өтініштерді, сауалдарды орындау мақсатында 2 министрлікке, сонымен қатар, Парламенттің төменгі палатасы Мәжіліске хаттар жазылып, жауаптары алынды.
Сондай-ақ, көптеген мәселелер жеке сипатта болды: қиын отбасылық жағдайға байланысты материалдық көмек көрсету немесе емделуге қаржылық көмек көрсету туралы өтініш, сұрақтардың бір бөлігі жұмысқа орналасуға және т.б. қатысты болды.
Шақырылым басталғаннан бері сайлаушылардың мәселелерін шешу үшін депутаттар әр түрлі органдарға 22 сауал жолдады. Оның 19-ы жергілікті атқарушы органдарға, 3 – і орталық атқарушы органдарға және мемлекеттік емес ұйымдарға жолданды, барлығы бойынша түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы арқылы жыл басынан бері 9 өтініш келіп түсті, 8-іне жауап қайтарылып, 1-і мәслихат құзыретіне жатпауға байланысты басқа мемлекеттік органға бағытталды.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 21-1-бабына сәйкес мәслихат депутаты мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша әкімге, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына ресми жазбаша сұрау салуға құқылы. Депутаттық сауалдарды қарау мерзімдері де осы Заңмен реттеледі. Мемлекеттік органдар депутаттық сауалдардың басым көпшілігін уақытында және нақты нәтижелермен қарайды, бірақ бұзушылықтар да бар. Бұл жауаптарды уақтылы ұсынбау және сұрақтың мәнін ашпайтын сырғытпа жауаптар, сөзбұйдаға салу жағдайлары да бар. Мысалы, Аблакетка сайлау округі бойынша депутат Е.М. Абраимованың ағымдағы жылдың сәуір және тамыз айларында «Біріккен энергосервистік компания» АҚ Солжағалау басшысына Сағыр ауылының тұрғындарының атынан түскен өтініш бойынша депутатттық сауалға жауап қайтарылмады. Сонымен қатар, тамыз айында аудан әкімінің орынбасары Р.Б. Болатқанның тарапынан Аблакетка сайлау округінің тұрғындарымен кездесу барысында және Өскемен сайлау округі тұрғындарымен кездесу барысында түскен арыз-өтініштері бойынша депутаттық сауалға жауап қайтарылмады.
Бұл мәселелерді депутаттар сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарында бірнеше рет көтерді. Мемлекеттік органдар басшылары мен жауапты тұлғалардан депутаттық сауалдарды қарауға аса байыпты қарауды сұраймын, өйткені билік пен халықтың тиімді кері байланыс жүйесі халықтың билікке деген сенімін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Аудандық мәслихаттың аппараты депутаттардың сайланған күннен бастап сайлаушылармен кездесуі және атқарған істері бойынша келесідей қорытындыға келді. Мәслихат депутаттарының өз сайлаушыларымен кездесу бойынша белсенділігі және сайлаушылардың проблемалық мәселелерін шешуге деген ұмтылысының артып келе жатқаны туралы атап өтуге болады. Бірақ, өкінішке орай, барлық депутаттар өздерінің депутаттық қызметі мен сайлаушылармен жұмысы туралы ақпарат бермейтінін атап өтуге мәжбүрмін. Депутаттар депутаттық жұмыс туралы ақпаратты тоқсан сайын ұсынуы тиіс.
Сонымен қатар, құрметті депутат әріптестерім «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес сайлаушыларды өзінің депутаттық жұмысы туралы хабардар ету депутаттың міндеті болып табылатынын еске салғым келеді.
Мәслихаттың жаңа шақырылымында екі тұрақты комиссия жұмыс істейді:
- депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша;
- бюджет, экономикалық реформа, аймақтық даму сұрақтары бойынша комиссия.
Жыл басынан бері тұрақты комиссиялардың 3 отырысы өткізіліп, 16 қаулы қабылданды. Комиссияларда аудандық мәслихаттың 7 шешімі бақылауда.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес сессия мәслихат қызметінің негізгі нысаны болып табылады.
Шақырылым басталғаннан бері аудандық мәслихаттың 14 сессиясы өткізілді. Қарау қорытындысы бойынша 94 шешім, оның ішінде 6 нормативтік құқықтық акті қабылданды.
Сессияларда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет қаражатын ұтымды, мақсатты және тиімді пайдалану мәселелері, аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі қаралды.
Мәслихаттың депутаттық корпусы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен ғана айналыспайды, сонымен қатар ауданда болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістердің тікелей қатысушысы болып табылады.
Аудандық мәслихаттың 4 депутаты аудандық атқарушы мемлекеттік органдары жанындағы түрлі мәселелер бойынша Үйлестіру кеңестері мен комиссияларының мүшелері болып табылады.
Депутаттар өздері басшылық ететін кәсіпорындар есебінен және жеке қаражаты есебінен республика, аудан көлемінде дәстүрге айналған мемлекеттік мерекелерге, әртүрлі акцияларға қатысып (Балалар күні, Мектепке жол, Ардагерлерді ардақтайық және тағы басқа) қайырымдылық және қаржылық демеушілік көмектерін көрсетуде.
Аудандық мәслихатта бір депутаттық бірлестік – «АМАNАТ» саяси партиясының фракциясы (жетекшісі Еркежан Мұратқанқызы Абраимова) тіркелген. Фракция жиналыстарында партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралады.
Аудандық мәслихаттың барлық іс-шаралары ашықтық және айқындық режимінде өткізіледі. Сессиялар жұмысына мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары, үкіметтік емес бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Мәслихат сессияларының жалпы отырыстары әлеуметтік желіде онлайн таратылады. Депутаттардың қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Аудандық мәслихат депутаттарының жұмысы туралы халықтың хабардар болуын жақсартуға Ұлан аудандық өкілді билігінің ресми сайтының жұмысы бағытталған. Мен есепте келтірген барлық деректер осы сайтта орналастырылған.
Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік желілер біздің шындыққа айналды және біз оларды азаматтардың кездесулері мен қабылдауларымен қатар сайлаушылармен кері байланыс үшін белсенді пайдалануымыз қажет. Көп жағдайларда депутаттың белсенділігі әлеуметтік желілердегі белсенділік бойынша анықталады. Ал біздің мәслихаттың депутаттарының атқарылған істер болғанның өзінде де, әлеуметтік желіде белсенділігі төмен деңгейде.
Аудандық және кент, ауылдық округ әкімдерінің депутаттық корпуспен тығыз жұмысы өзара хабардарлықты жақсартуға, өзекті мәселелерді шешуге, өзара түсіністікке қол жеткізуге және проблемаларды шешу жолдарын табуға ықпал етеді.
Депутаттық жұмыстың нәтижелілігі белгілі бір дәрежеде мәслихат аппараты қызметкерлерінің кәсібилігіне де байланысты. Аудандық мәслихат аппараты өз жұмысын адал, кәсіби және жауапкершілікпен орындайтын мамандардың тұрақты ұжымынан тұрады. Аппарат қызметкерлері мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ете отырып, депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсете отырып, өз жұмыстарын тиімді орындайды.
Құрметті депутаттар!
Біздің басты міндетіміз-Қазақстан халқының мүддесіне қызмет ету. Менің ойымша, жаңа шақырылымдағы депутаттық корпус қысқа уақыт ішінде өзінің белсенділігін, алдыңғы қойылған үздік дәстүрлерді үйлестіре білуін және болашақта еліміздің дамуы мен өркендеуіне бағытталған жоспарларды іске асыруда жаңашыл тәсілді қолдана білуін көрсетті. Депутаттардың кәсіби, білім деңгейі мен өмірлік тәжірибесі оларға сайлаушылардың мүдделерін құзыретті қорғауға және экономиканың алға жылжуын ілгерілетуге мүмкіндік береді.
Құрметті депутаттар!
Бірліктің, ынтымақтың және бейбітшіліктің арқасында еліміз табысты дамуда. Әрбір аудан тұрғынының әлеуметтік жағдайын одан әрі жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірлескен еңбекке шақырамын.
Назарларыңызға рақмет!