Ұлан аудандық мәслихатының хатшысы
Г.Н. Калиеваның сөзі
Құрметті депутаттар!
Осы жыл еліміз үшін үлкен өзгерістер жылы, ауқымды жұмыстар жылы болды.
Биылғы жылы аудандық мәслихат депутаттарының жұмысы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының тармақтарын іске асыруға бағытталды. Депутаттар Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді түсіндіру жөніндегі, Президенттің ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізді, сонымен қатар, 20 қарашада өткен кезектен тыс Президентті сайлау бойынша жұмысқа белсене қатысты. Сондай-ақ, депутаттар жыл басынан бері ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамында ауыл тұрғындарымен кездесулерге қатысуда.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады. Депутаттардың негізгі қызметі алқалық жиындарға қатысып және тиісті шешімдер қабылдау болды. 2022 жылы 16 отырыс болды, онда 72 шешім қабылданды, оның 18 – і нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдер қабылданды. Әр депутат мәслихат қызметінің алқалық (сессиялық) отырысына қатысумен қатар, тұрақты комиссиялар отырыстарына да қатысады.
Сессияда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет қаражатын ұтымды, мақсатты және тиімді пайдалану мәселелері, аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі қаралды, депутаттар алдында аудандық бөлім басшылары есеп берді және ақпараттармен таныстырды. Сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша шешімдер қабылданып, оның 8 шешімі әділет органдарында тіркеліп, нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланды.
Ағымдағы жылдың депутаттық қызметке сараптама нәтижелері аумақтық даму бағдарламасын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды, жергілікті бюджетті және мәслихат қызметінің басқа да бағыттарын мәслихат сессияларында сындарлы және мүдделі талдау олардың жүзеге асырылу барысын бақылауға болатынын көрсетеді.
Депутаттар өз сайлаушыларының проблемалық мәселелерін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешеді, сауалдар жібереді, тұрақты комиссиялардың отырыстарында және сессияларда көтереді.
Депутаттардың ұсынысы бойынша неғұрлым өзекті мәселелерді талқылау және шешу үшін тұрақты комиссияларға мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының басшылары және т.б. шақырылады.
Депутаттардың маңызды жұмысының бір бөлігі азаматтарды жеке қабылдау болып табылады, ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша аудандық мәслихат депутаттары 47 кездесу және жеке қабылдау жүргізіп, 117 адамды қабылдады, тұрғындар тарапынан 152 сұрақ қойылып, оның 34 шешімін тапты, 73 сұраққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 45 мәселе бақылауға алынды. Сайлаушылардың онда көтерген мәселелері, олар: медициналық қызмет көрсету, тұрғын-үй коммуналдық қатынастар, жер мәселелері, әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, тұрғын үй алу, елді мекендерді абаттандыру.
Сайлаушылардың мәселелері өмірдің барлық салаларын қозғайды: медициналық қызмет көрсету, елді мекендерді абаттандыру, жолдарды жөндеу, интернет байланысын реттеу, тұрғын үй салу, көшелерді жарықтандыру және т.б. Депутаттар жеке сипаттағы мәселелерді де шешуге ат салысады: қиын отбасылық жағдайға байланысты материалдық көмек көрсету немесе емделуге қаржылық көмек көрсету туралы, мәселелердің бір бөлігі жұмысқа орналасуға, оқуға және т.б. қатысты болды. Кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелердің орындалуы, мысал ретінде атап өтсем, Сағыр ауылының тұрғыны Жақып Октябрьге үйінің су құбыры өтетін негізгі көшенің бойында орналаспауына байланысты суға қосылу құдығына қосылу қарастырылмаған екен, қажетті жұмыстар жүргізіліп өтініш білдірген азаматтың үйінің жанына құдық қойылып ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Өткен кезеңде сайлаушылардың мәселелерін шешу үшін депутаттар түрлі органдарға 36 депутаттық сауал жолдады, оның ішінде, менің тарапымнан 19 сауал жолданды. Сонымен қатар, депутаттар өзекті мәселелерді әлеуметтік желілерде де көтереді. Депутаттар бақылау жасайтын мәселелер ауқымы кең: бұл - медициналық қызметтердің сапасын арттыру, әлеуметтік маңызы бар объектілерді жөндеу, жолдарды тиісті күтіп ұстау және жөндеу, аулалар мен балалар алаңдарын абаттандыру, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту және т. б. Мысалы, Жанұзақ ауылының тұрғындарының тарапынан элетр энергиясымен қамтамасыз етуге арналған трансформатордың тозуына байланысты электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша олқылықтар болған. Тиісті мекемеге депутаттық сауал жолданып, нәтижесінде ауылға жаңа трансформатор қойылды, мәселе шешімін тапты.
Өздеріңіз білетіндей жыл басынан бері бірнеше елді мекенде жолдар жөндеуден өтті. Аудандық мәслихат депуаттатары Д. Мусин Алмасай ауылындағы жолды, Ш. Захарьянов Азовое-Бетқұдық бағытындағы жолды жөндеу барысында, сонымен қатар мен өз тарапымнан Казачье ауылына кіре беріс жолының, Таврия ауылындағы көше жолдарын жөндеу барысында бақылау жасадық.
Аудан депутаттарының бірлесіп ауданымыздағы қарт азаматтарымызды мерекелік даталармен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
Мектепке жол акциясы аясында депутаттар бірігіп аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға мектепке дайындық кезінде оқуға қажетті мекетп құралдарымен және киім-кешекпен қамтамасыз етті.
Жетінші шақырылған аудандық мәслихат депутаттары екі тұрақты комиссияда жұмыс істейді. Тұрақты комиссиялардың 6 отырысында 11 қаулы қабылданды. Комиссиялардың бақылауында 17 шешім тұр. Депутаттар сондай-ақ мониторингтік топтардың құрамында, таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылауға, жолдарды жөндеу және салу сапасын тексеру жөніндегі комиссияларда және т.б. белсенді жұмыс істейді.
Құрметті қатысушылар! Аудандық мәслихаттың барлық іс-шаралары ашықтық және айқындық режимінде өткізіледі. Мәслихат сессиялары онлайн режимінде трансляцияланады. Сессия жұмысына мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары, қоғамдық және үкіметтік емес бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Депутаттардың қызметі аудандық газеттердің беттерінде жарияланады, олар сондай-ақ әлеуметтік желілерде орналастырылады.
Халықтың аудандық мәслихат депутаттарының жұмысы туралы хабардар болуын жақсартуға аудандық мәслихаттың ресми сайтының жұмысы қызмет етеді. Депутаттардың қызметі туралы ақпарат БАҚ-та жарияланған материалдармен толықтырылады.
Аудандық мәслихат депутаттары өз қызметін депутаттық фракцияларда жүзеге асырады. Жергілікті жерлерде депутаттар ақпараттық-түсіндіру топтарының белсенді мүшелері болып табылады, ҚР Президентінің Жолдауларын және басқа да маңызды мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіруге қатысады. Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімдігі мен әкімі жанындағы негізгі консультативтік-кеңесші органдардың құрамына кірген. Кент және ауылдық округтерінің әкімдерінің депутаттық корпуспен тығыз жұмысы өзара ақпараттандыруды жақсартуға, өзекті мәселелерді шешуге, өзара түсіністікке қол жеткізуге және проблемаларды шешу жолдарын табуға ықпал етеді.
Депутаттық жұмыстың нәтижелілігі белгілі бір дәрежеде мәслихат аппараты қызметкерлерінің кәсібилігіне де байланысты. Аудандық мәслихат аппаратында өз жұмысын адал, кәсіби және жауапкершілікпен орындайтын мамандар қызмет атқарады. Аппарат қызметкерлері депутаттарға түрлі материалдар, ақпараттар дайындайды, оларға депутаттық қызметке қатысты барлық мәселелер бойынша кеңес береді. Өздеріңіз білетіндей, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге байланысты мәслихат депутаттарының енді жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында біліктілігін арттырудан өту мүмкіндігі бар. Мәслихат аппаратымен биылғы жылы депутаттардың біліктілігін арттыруға арналған шығыстар жоспарланып, Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалымен «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» оқыту бағдарламасы келісілді. Бүгінгі таңда 10 депутат офлайн режимінде оқудан өтті және бұл жұмыс келесі жылы да жалғасатын болады.
Құрметті депутаттар, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Мықты Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» жүйесі бойынша құрылатын жаңа Қазақстанды құру идеясын дамытты. Жолдауда айтылған ең төменгі жалақы мөлшерін арттыруға, әйелдер үшін зейнеткерлік жасының өсуін төмендетуге, бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін ұлғайтуға, оқуға жеңілдікті кредиттер беруге және т.б. қатысты әлеуметтік пакет баршаны қуантты деп ойлаймын.
Өзгерістер елдің саяси өміріне де әсер етеді. Қазіргі уақытта біз мерзімінен бұрынғы президенттік сайлауын өткіздік. Ал келесі жылдың бірінші жартысында Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау өтеді. Өздеріңіз білетіндей, аудандық мәслихатқа сайлау бір мандатты округтер бойынша сайланады. Бұл жаңалық халықтың қалың жігінің мүдделерін білдіретін жергілікті өкілді органдар жұмысының тиімділігін арттырады.
Біз, депутаттар, алдағы уақытта да халықпен байланысты нығайтып, әлеуметтік мәселелерді жедел әрі тиімді шешетін боламыз. Алдағы қызметімізде біз, ең алдымен, Мемлекет басшысының барлық мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының алдына қойған міндеттерін негізге алатын боламыз. Мәслихаттар мен әкімдіктер тек тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға және Қазақстанымыздың өркендеуіне бағытталған ортақ мақсаттарға қол жеткізуде сенімді серіктес болады.
«Бірлесе көтерген жүк жеңіл», сондықтан жергілікті өкілді органдар атқарушы органдармен бірлесіп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында алдыға қойған міндеттерді абыроймен атқаруға бар күш-жігерімізді саламыз.
Назарларыңызға рахмет!