Меню

Страницы

Статья

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары

VII шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының бюджет, экономикалық реформа, аймақтық даму сұрақтары бойынша  тұрақты комиссиясы

  Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен міндеттері: талдау істердің жағдайын зерделеу, сондай-ақ аудан бюджетінің атқарылуын қалыптастыру, бекіту және бақылауға қатысу; ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларын, оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарау,  орындаудағы есептерді бекіту; Жергілікті деңгейде АӨК, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы саясатты қалыптастыруға қатысу, оның ішінде-дөңгелек үстелдердің, конференциялардың семинарлардың және т.б. жұмысына қатысу; АӨК мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу саласында ауданның атқарушы билік органдарымен бірлескен жұмыс жүргізу; тұрақты комиссияның құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының ақпаратын тыңдау, негіз қалаушы құжаттарды қабылдау, қорытындылар шығару, ақпаратты қорыту, тұрақты комиссияның қарауына жатқызылған аса маңызды және маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен комиссияның кеңейтілген отырыстары нысанында жария тыңдаулар өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарының, азаматтардың, комиссияның қарауына жататын өзекті мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының басшыларына депутаттық өтініштер (азаматтардың хаттарымен және өтініштерімен жұмыс істеу); заң жобаларына ұсыныстар әзірлеу, жылына кемінде бір рет аудандық мәслихатта өз қызметі туралы есеп беру.

Төраға: Оспанов Уралбек Тулегенович

Комиссия мүшелері:

Ирина Владимировна Килина

Ерхат Сатыйулы Сатыев

Сабырбай Шинженович Сахариев

 

VII шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясы

 Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен міндеттері: Аудандық мәслихат сессиясына шығарылатын мәселелер бойынша әлеуметтік саладағы бөлімнің жағдайын талдау және зерделеу, комиссия құзыреті шегінде ақпаратты қорыту; тұрақты комиссия жетекшілік ететін салалар бойынша бюджет процесіне қатысу; комиссияның жүргізуіне жататын мәселелер бойынша негіз қалаушы құжаттарды қабылдау және оларды мәслихат сессиясына енгізу, мәслихаттың нормативтік-құқықтық актілері мен өзге де құжаттарының жобаларын қарау, комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұрақты комиссияның қорытындыларын дайындау, жергілікті деңгейде денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек, білім беру, мектептен тыс қызмет саласындағы саясатты қалыптастыруға қатысу, мектепке дейінгі тәрбие, халықты жұмыспен қамту, мәдениет, спорт және жастар саясаты мәселелері, оның ішінде: дөңгелек үстел, конференция семинарларына қатысу және т. б; әлеуметтік сала мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу бөлігінде ауданның атқарушы билік органдарымен бірлескен жұмыс жүргізу; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының ақпаратын тыңдау; әлеуметтік сала өзекті мәселелері бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының басшыларына депутаттық өтініштер (азаматтардың хаттарымен және өтініштерімен жұмыс істеу, әлеуметтік сала мәселелері бойынша заң жобаларына ұсыныстар әзірлеу; депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін - өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен комиссияның кеңейтілген отырыстары нысанында тұрақты комиссияның қарауына жатқызылған аса маңызды және маңызды мәселелерді талқылау мақсатында көпшілік тыңдаулар өткізу; өз қызметі туралы есеп-жылына кемінде бір рет аудандық мәслихатта.

Төраға: Тілеужан Нұртай

Комиссия мүшелері:

Шеряздан Жұмағазыұлы Захарьянов

Сергей Андреевич Зиновьев

Думанай Маратович Мусин

Дата публикации
28 ноября 2022
Дата обновления
28 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Баяндама
05 января 2025
Аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясының есебі
Баяндама
05 января 2025
Аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар, аймақтық даму сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі
Баяндама
05 января 2025
Ұлан аудандық мәслихаты төрағасының 2024 жылға арналған есебі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы