Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы

VІІІ шақырылған

Ұлан  аудандық   мәслихатының кезекті ХV сессиясы

Очередная ХV сессия

Уланского районного маслихата

VІІІ созыва

 

                                                                                                                                                                          

ШЕШІМ                                                             РЕШЕНИЕ

________________________________________________________________________________

2023 жыл  «27» желтоқсан № 103                                             № 103 «27» декабря 2023 года

Қасым Қайсенов кенті                                                               поселок Касыма Кайсенова

 

Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы

           Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Ұлан аудандық мәслихатының регламентіне сәйкес Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. №1 қосымшаға сәйкес Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі құрамда сайлансын.
  2. №2 қосымшаға сәйкес учаскелік сайлау комиссиялары келесі құрамдарда сайлансын.
  3. Жаңадан сайланған сайлау комиссияларының құрамдарына төраға, төрағалардың орынбасарларын және комиссия хатшыларын сайлауға бірінші ұйымдастыру мәжілісін олар құрылғаннан кейін жеті күн мерзімінен кешіктірмей өткізу ұсынылсын.
  4. Сайлау комиссияларын құру туралы шешім, олардың құрамдары мен орналасқан жерлері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
  5. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

Аудандық

мәслихат төрағасы                                                                                   Г. Калиева

 

Дата публикации
04 января 2024