«Ұлан аудандық мәслихат аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
- «Ұлан аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Ұлан аудандық мәслихатының қызметін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
- Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі, атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.