2024 жылдың 23 сәуірінде Ізғұтты Айтықов ауылының Қасым Қайсенов атындағы орта мектебінде Халық Қаһарманы, партизан жазушы Қасым Қайсеновті еске алуға арналған оқушылар арасында әскери -қолданбалы спорт түрлері бойынша аудандық ойындар өткізілді.

Сайыстар спорттың алты түрінен өтті. АК 74 Калашников автоматын толық емес бұзып, қайта жинауда Ұлдар арасында Асубұлақ орта мектебінен Күдербаев Мансұр І орын,  Бозанбай орта мектебінен Әлібек Алихан ІІ орын, Қасым Қайсенов атындағы орта мектебінен Юрьев Али ІІІ орын, қыздар арасында Қасым Қайсенов атындағы орта мектебінен Тұрсынбай Нұршуақ І орын, Асубұлақ орта мектебінен Решетникова Мария ІІ орын, М. Ломоносов атындағы орта мектебінен Ынтымақ Бұлбұл ІІІ орын, оқжатарды жабдықтауда Сәрсен Аманжолов атындағы орта мектебінен Кунапин Руслан І орын, Бозанбай орта мектебінен Әлібек Алихан ІІ орын, Базылбек Ахметов атындағы орта мектебінен Слямов Ералы ІІІ орын, биік кермеде тартылуда Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебінен Мұхамеджанов Қуаныш І орын, Бозанбай орта мектебінен Сеиташимов Ералы ІІ орын, Қасым Қайсенов атындағы орта мектебінен Юрьев Али ІІІ орын,  жатып, қол бүгуде Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебінен Мұхамеджанов Қуаныш І орын, Абай атындағы орта мектебінен Төлеухан Еркебұлан ІІ орын,  Бозанбай орта мектебінен Сеиташимов Ералы ІІІ орын, жатып, кеуде көтеруде Бозанбай орта мектебінен Нәзкейқызы Ақбота І орын, Қасым Қайсенов атындағы орта мектебінен Тұрсынбай Нұршуақ ІІ орын, Абай атындағы орта мектебінен Қасым Көркем ІІІ орын иегері атанды.  Газтұмылдырық киюде М. Ломоносов атындағы орта мектебі І орын, Бозанбай орта мектебі ІІ орын, Асубұлақ орта мектебі ІІІ орын иеленді.

Командалық есепте Бозанбай орта мектебі І орын, Қасым Қайсенов атындағы орта мектебі ІІ орын, Асубұлақ орта мектебі ІІІ орын иегері атанды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің мақтау қағаздары, медальдар және кубоктармен марапатталды.