2023 жылдың 3 ақпанында Қасым Қайсенов кентінің

2023 жылдың 3 ақпанында Қасым Қайсенов кентінің

2023 жылдың 3 ақпанында Қасым Қайсенов кентінің «Ұлан» орталық стадионында 2009-2010 және 2011-2012 жылы туылған ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан аудандық ALTAI KIDS CUP жарысы өтті. Жарыс 60 метрге жүгіру, 500 және 1000 метрге жүгіру, жүгіріп ұзындыққа секіру және қашықтыққа доп лақтыру бойынша спорттың төрт түрінен өткізілді. Ауданымыздың 18 мектебінен 154 оқушы қатысты. Жарыс жеңімпаздары ((2009-2010 жылы туылған төрт ұл, төрт қыз) және 2011-2012 жылы туылған төрт ұл, төрт қыз) облыстық кезеңге жолдама ұтып алды.