
2023 жылдың 10 наурызы күні Ұлан ауданы бойынша білім беру мекемелерінің оқушылары арасында волейбол жарысы өтті. Жарысқа 11 команда қатысты. Тартысты да қызықты өткен ойындарда Р.Мәрсеков атындағы орта мектебінен Болат Мадияр мен Айдарұлы Дастан, К. Аханов атындағы орта мектебінен Бауыржанов Жанбатыр мен Болатов Нұрсолтан, Бозанбай орта мектебінен Төлегенов Айзат пен Амантаев Темірлан тартымды ойын көрсетіп, шеберліктерімен елді қуантты.
Жалпы командалық есепте Р.Мәрсеков атындағы орта мектебі І орынды, К. Аханов атындағы орта мектебі ІІ орынды, Бозанбай орта мектебі ІІІ орынды иеленді. Барлық жеңімпаздар Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің мақтау грамоталарымен марапатталды.