
2023 жылдың 9 наурызында «Б. Ахметов атындағы орта мектебі» КММ-де 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған Ұлан ауданы білім беру мекемелерінің әйел мұғалімдері мен оқушы қыздары арасында пневматикалық мылтықтан оқ атудан әскери-спорттық жарысы өткізілді. Жарысқа ауданымыздың 15 мектебінің мерген қыздары қатысты.
Жекелей есепте мұғалімдер арасында І орынды Бозанбай орта мектебінен Сағидолда Нұршат, ІІ орынды Б. Ахметов атындағы орта мектебінен Дарабаева Раушан, ІІІ орынды Н. Лут атындағы орта мектебінен Қайранова Айжүз иеленді. Оқушылар арасында І орынды Бозанбай орта мектебінен Назкейқызы Ақбота, ІІ орынды Н. Лут атындағы орта мектебінен Серюк Елена, ІІІ орынды М. Ломоносов атындағы орта мектебінен Арғынбекова Альбина иеленді.
Жалпы есепте І орынды Бозанбай орта мектебі, ІІ орынды Азовое орта мектебі, ІІІ орынды Н. Лут атындағы орта мектебі жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар Ұлан ауданының білім бөлімі атынан мақтау грамоталарымен, командалар грамота және кубоктармен марапатталды.