
Ұлан ауданының "А.С. Пушкин атындағы орта мектебі" КММ және "М. Ломоносов атындағы орта мектебі" КММ оқушылары Дүниежүзілік Азаматтық Қорғау күніне орай Өскемен қаласында орналасқан Өрт сөндіру техникалық орталығының мұражайына барды. Шығыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызметінің құрылу тарихымен танысты, өрт-техникалық қару-жарақты көрді. Мұражайға бару Ұлан ауданының оқушылары үшін жақсы дәстүрге айналды.