Әскери -қолданбалы спорт түрлері бойынша аудандық ойындар

Әскери -қолданбалы спорт түрлері бойынша аудандық ойындар

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында «Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімі болған, ардагер ұстаз, Тусупов Жұмабек Аюпханұлын еске алуға арналған оқушылар арасында әскери -қолданбалы спорт түрлері бойынша аудандық ойындар өткізілді. Бұл жарысқа 12 мектептен 40 оқушы қатысты. Жарыс алты кезеңнен өтті, ММГ АК-74 Калашников автоматын толық емес бұзып, қайта жинау, пневматикалық мылтықтан оқ ату, жатып, кеуде көтеру, биік кермеде тартылу, оқжатарды жарақтандыру және газтұмылдырық кию.
ММГ АК-74 Калашников автоматын толық емес бұзып қайта жинауда М. Ломоносов атындағы орта мектебінің оқушылары Бижаев Нұрасыл және Арғынбекова Ажар, биік кермеде тартылуда А.С.Пушкин атындағы орта мектептің оқушысы Ерланов Олжас, жатып, кеуде көтеруде Бозанбай орта мектебінен Назкейқызы Ақбота, оқжатарды жарақтандыруда М. Ломоносов атындағы орта мектебінен Хуатбек Алмаз, пневматикалық мылтықтан оқ атуда Гагаринская орта мектебінен Мақсат Еларман және Бозанбай орта мектебінен Назкейқызы Ақбота топ жарды.
Газтұмылдырық киюде 1 орынды Абай атындағы орта мектебі, 2 орынды Бозанбай орта мектебі, 3 орынды Н.Лут атындағы орта мектебі, жеңіп алды.
Жалпы есепте 1 орынды М. Ломоносов атындағы орта мектебі, 2 орынды Бозанбай орта мектебі жеңіп алса, 3 орынды Абай және Н.Лут атындағы орта мектептері бөлісті. Номинациялар бойынша білім бөлімінің мақтау қағаздарымен, және бірнеше оқушы белсенділіктері үшін демеушілерден ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Барлық жеңімпаз командалар Тусуповтар отбасының атынан кубоктармен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен және білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.