
2023 жылдың 8 ақпанында «Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10-11 сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжінің оқытушыларымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Әскери колледждің оқытушылары екінші сыныпты сержанттар Мусаибов Азат Темірғалиұлы және Жалмакишев Әсет Дәулетханұлы оқушыларды колледжге түсу және онда оқу тәртіптерімен таныстырды, көптеген мағлұматтар берді. Колледждің бір күндік тынысы туралы бейнеролик көрсетілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды.