
2023 жылдың 3 ақпанында Ұлан ауданы мектептерінің оқушылары арасында шаңғы жарысы өткізілді.
Жас ерекшеліктері бойынша 9-11 сыныптар арасында Гагарино орта мектебінің оқушылары Мақсат Еларман мен Сотникова Диана, 7-8 сыныптар арасында Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің оқушылары Зыков Артем мен Жукова Диана, 5-6 сыныптар арасында Гагарино орта мектебінің оқушысы Юрочкин Матвей мен Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің оқушысы Шумская Кристина топ жарды. Жеңімпаздар Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің мақтау грамоталарымен марапатталды.