
2023 жылдың 26 қаңтарында Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Оқасов Куат Барысович және «ULAN» медиация - құқық орталығының директоры Танекенова Тулетай Заманбековнамен «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған "Үздік мектеп медиаторы" атты байқауының қорытынды марапаттау іс-шарасы өтті. Іс – шарада мектеп медиациясын дамытуға қосқан үлестері үшін аудандық, облыстық кезеңінің жүлдегерлерін құттықтады. Олар, "Үздік мектеп медиаторы" атты облыстық байқауының ІІ орын иегері «Асубұлақ орта мектебі» КММ-нің 8 сынып оқушысы Қазкен Анеля және жетекшілері кәсіби медиаторлар Тусуппаев Руфат Талгатович, Амангельдин Сержан Амангельдыулы,"Үздік мектеп медиаторы" атты аудандық байқауда І орын алған «Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі» КММ-нің мектебінің 8 сынып оқушысы Каширская Виктория, 9 сынып оқушылары Қайратқызы Ырысжан, Чотбай Матлуба, жетекшілері Кусаинова Маржан Макетхановна және «Привольное орт мектебі» КММ-нің мектеп медиаторлары Мекенева Жанна Қалиақперқызы, Захарьянова Гульмира Есимхановна.