Ашық есік күні

Ашық есік күні

2023 жылдың 24 қаңтарында КМҚК "Шығыс-Қазақстан ауылшаруашылық колледжі" Ұлан ауданы білім беру мекемелерінің 9,11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында  ашық есік күнін ұйымдастырды. Бағдарлама аясында оқушыларды жатақхана,  асхана, механикаландыру аудиториялары, "Агрономия" мамандығының зертханасы, оқу-өндірістік базасымен таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.   Сонымен қатар тұқым сапасын анықтау, дәнді дақылдарды өңдеу технологиясы, ультрадыбыстық  мастер класстар көрсетілді. Қазіргі таңда "Шығыс-Қазақстан ауылшаруашылық колледжі" орта буын мамандары мен білікті жұмысшы мамандықтарын даярлайтын заманауи білім беру және ауыл шаруашылығы бағытындағы ұйым болып табылады.