
2023 жылдың 27 қаңтарында Ұлан ауданы мектептерінің мұғалімдері арасында футзал жарысы өткізілді. Тартысты өткен жарыста І орынды Таврия аймағының мұғалімдері, ІІ орынды Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебінің мұғалімдері, ІІІ орынды Бозанбай ауылдық округіне қарасты мектептердің мұғалімдері жеңіп алды. Жеңімпаздар, жүлдегерлер және ойыншылар номинациялар бойынша Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің мақтау грамоталарымен марапатталды.