
2023 жылдың 20 қаңтарында Ұлан ауданы мектептерінің мұғалімдері арасында баскетбол жарысы өткізілді. Тартысты өткен жарыста І орынды Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебінің мұғалімдері, ІІ орынды Таврия аймағының мұғалімдері, ІІІ орынды Герасимовка және Базылбек Ахметов атындағы орта мектебінің мұғалімдері жеңіп алды. Жеңімпаздар, жүлдегерлер және ойыншылар номинациялар бойынша Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің мақтау грамоталарымен марапатталды.