
2022 жылдың 19-22 желтоқсаны аралығында Астана қаласында дене шынықтыру мұғалімдері үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы” РМҚК және “Мектеп спорты федерациясы” қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің Мектеп спорты саласындағы қоғамдық жүлделері тапсырылды.
“Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі” КММ дене шыенықтыру мұғалімі Бектембаев Архат Серікұлы «Мектепте дене шынықтыру мен спортты белсенді насихаттағаны үшін» номинациясы бойынша, “Таврия орта мектебі” КММ дене шынықтыру мұғалімі Зиновьев Сергей Андреевич “Жоғары спорттық жетістіктері үшін” номинациясымен марапатталды.