Ұлттық мектеп лигасы 9-11 сынып

2022 жылғы 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп лигасының волейбол, баскетбол, футзал, тоғызқұмалақ, асық ату, үстел теннисі, жеңіл атлетика және шахматтан 9-11 сынып оқушылары мен қыздары арасында жарыстары өтті.
Асық атудан Сәрсен Аманжолов атындағы орта мектептің қызары екінші, ұлдары үшінші орынға ие болды. Үстел теннисінен Кәкен Аханов атындағы орта мектептің оқушылары бірінші орынды иеленді. Футзал бойынша Таврия орта мектебінің қыздары бірінші орынды, Райымжан Марсеков атындағы орта мектептің ұлдары екінші орынды иеленді. Волейболдан Сәрсен Аманжолов атындағы орта мектептің қыздары алтыншы орынды, Райымжан Марсеков атындағы орта мектептің ұлдары екінші орынды иеленді. Баскетболдан Райымжан Марсеков атындағы орта мектептің жастары екінші орынға ие болды. Жеңіл атлетикадан Таврия орта мектебінің оқушылары бірінші орынды иеленді.