Ұлттық Мектеп лигасы

Ұлттық Мектеп лигасы

2022 жылғы 9-15 желтоқсан аралығында 7-8 сынып ұлдары мен қыздары арасында волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, асық ату, үстел теннисі, жеңіл атлетика және шахмат бойынша Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп лигасының жарыстары өтті.

Асық атудан Ізғұтты Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің ұлдар командасы бірінші орынды, Сәрсен Аманжолов атындағы орта мектептің қыздар командасы екінші орынды иеленді. Тоғызқұмалақтан М.Ломоносов атындағы орта мектептің оқушылары үшінші орынға ие болды. Үстел теннисінен Шөки Бәшіков атындағы негізгі мектептің оқушылары екінші орынға ие болды. Волейболдан Асубұлақ орта мектебінің қыздар командасы үшінші орынға, Төлеген Тоқтаров атындағы мектеп-балабақшасының ұлдары бесінші орынға ие болды. Баскетболдан М. Ломоносов атындағы орта мектептің ұлдар командасы бесінші орынға ие болды. Жеңіл атлетикадан Таврия орта мектебінің ұлдары мен қыздары бірінші орынды иеленді.

Регламент бойынша бірінші орын алған барлық командалар Республикалық Ұлттық Мектеп лигасының ойындарына қатысады.