Мектептегі тамақтану

Мектептегі тамақтану

             2022 жылғы 22  қарашада «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ  жоспарына сәйкес «AMANAT» партиясының «Мектеп асханасы» жобасын іске асыру бойынша  онлайн форматта  семинар өтті. Семинарға 25 мектептен директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп медбикелері қатысты. Әдіскер Аубакирова А.А. қатысушыларды күн тәртібімен және семинар мақсатымен таныстырды. Кезекті семинарға үш мектеп қатысты.  «Бозанбай орта мектебі» КММ, «Абай  атындағы орта мектебі» КММ, «Украинка орта мектеп-балабақша кешені» КММ  өздерінің мектеп асханаларының жұмысын презентациялады. Тәжірибе алмасты. «Мектеп асханасы» жобасының басты мақсаты оқушыларды сапалы тамақтандыру.  Әр мектепте бракераждық комиссия құрылған, айына екі рет комиссия жұмыс жасап, тексеру актісін мектеп сайтына орналастырады. Тегін тамақтану мемлекеттік қызмет көрсету стандарты туралы да айтылып өтілді. Соңында ұсыныстар тыңдалды.  Аталған онлайн семинарлар алдағы уақыттарда да өткізіледі.