Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі жанындағы тәрбие және идеологиялық жұмыс Департаменті бастығының орынбасары, Ауған соғысының ардагері, генерал-майор Мұқан Естайұлы Дүйсекеев жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі жанындағы тәрбие және идеологиялық жұмыс Департаменті бастығының орынбасары, Ауған соғысының ардагері, генерал-майор Мұқан Естайұлы Дүйсекеев жұмыс сапары

2022 жылғы 22 қарашада Қасым Қайсенов кентінің "Р. Марсеков атындағы орта мектебі" КММ-не Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі жанындағы тәрбие және идеологиялық жұмыс Департаменті бастығының орынбасары, Ауған соғысының ардагері, генерал-майор Мұқан Естайұлы Дүйсекеев жұмыс сапарымен келді.

Сапардың мақсаты "Жас сарбаз" сыныптарының тәрбиеленушілерімен кездесу, мектеп оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша жұмыстарымен танысу, Жоғары Әскери Училищелерге түскен түлектер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақыру болды. Кездесуге ШҚО қорғаныс Істері жөніндегі Департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмысы жөніндегі орынбасары А.Рамазанов, Ұлан ауданының білім, ішкі саясат және қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінің өкілдері қатысты.