
2022 жылғы 15 қарашада «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ жоспарына сәйкес «AMANAT» партиясының «Мектеп асханасы» жобасын іске асыру бойынша онлайн форматта мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, Ұлан ауданының санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының мамандарының қатысуымен семинар өтті. Әдіскер Аубакирова А.А. қатысушыларды күн тәртібімен және семинар мақсатымен таныстырды. Семинар барысында үш мектеп: «Герасимовка орта мектебі» КММ, «Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі» КММ, «Таврия орта мектебі» КММ өздерінің мектеп асханаларының жұмысын презентациялады. Тәжірибе алмасты. «Мектеп асханасы» жобасының басты мақсаты оқушыларды сапалы тамақтандыру. Әр мектепте бракераждық комиссия құрылған, айына екі рет комиссия жұмыс жасап, тексеру актісін мектеп сайтына орналастырады. Тегін тамақтану мемлекеттік қызмет көрсету стандарты туралы да айтылып өтілді.
Соңында Ұлан ауданының санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының жетекші мамандары тұмау ауыруының алдын алу іс шаралар туралы айтып өтті.