Ұлан ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Балалар жылы» аясында волейболдан аудан біріншілігі

Ұлан ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Балалар жылы» аясында волейболдан аудан біріншілігі

2022 жылдың 3 қарашасында Ұлан ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Балалар жылы» аясында волейболдан аудан біріншілігі өтті. Біріншілік облыстық Ұлттық Мектеп лигасына іріктеу және аудан жеңімпазын анықтау мақсатында өткізілді. Бірінші орынды С. Аманжолов атындағы орта мектебінің оқушылары, екінші орынды Р. Марсеков атындағы орта мектебінің оқушылары, үшінші орынды Привольное орта мектебінің оқушылары иеленді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды. С. Аманжолов атындағы орта мектебі оқушылары облыстық Ұлттық Мектеп лигасына жолдама ұтып алды.