Ұлан ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Балалар жылы» аясында волейболдан аудан біріншілігі

Ұлан ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Балалар жылы» аясында волейболдан аудан біріншілігі

2022 жылдың 2 қарашасында Ұлан ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Балалар жылы» аясында волейболдан аудан біріншілігі өтті. Біріншілік облыстық Ұлттық Мектеп лигасына іріктеу және аудан жеңімпазын анықтау мақсатында өткізілді. Бірінші орынды Р. Марсеков атындағы орта мектебі оқушылары, екінші орынды К. Аханов атындағы орта мектебі оқушылары, үшінші орынды Бозанбай орта мектебі оқушылары иеленді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды. Р. Марсеков атындағы орта мектебі оқушылары облыстық Ұлттық Мектеп лигасына жолдама ұтып алды.