
2022 жылдың 26 қазанында Митрофановка ауылының Кеңес Одағының Батыры Николай Лут атындағы орта мектебінде Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың 100 жылдық мерейтойына арналған Ұлан ауданы мектептерінің қыздар арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен көпсайыс өтті. Көпсайыс төрт кезеңнен өткізілді:
1. ММГ АК-74 автоматын толық емес бұзып, қайта жинау;
2. Пневматикалық мылтықтан оқ ату;
3. Жатып, кеуде көтеру;
4. Қашықтыққа доп лақтыру.
ММГ АК-74 автоматын толық емес бұзып, қайта жинауда І орынды М.Ломоносов атындағы орта мектебінен Шайдуллаева Амина, ІІ орынды Герасимовка орта мектебінен Ақылжан Ділбар, ІІІ орынды Гагарино орта мектебінен Өрлеу Едина иеленді. Пневматикалық мылтықтан оқ атуда І орынды М.Ломоносов атындағы орта мектебінен Арғынбекова Альбина, ІІ орынды Таврия орта мектебінен Павлюк Христина, ІІІ орынды А.С. Пушкин атындағы орта мектебінен Нұрсапа Ағлан иеленді. Жатып, кеуде көтеруде І орынды А.С.Пушкин атындағы орта мектебінен Бақытбек Ақерке, ІІ орынды Бозанбай орта мектебінен назкейқызы Ақбота, ІІІ орынды Привольное орта мектебінен Харипуллина Томирис және Б. Ахметов атындағы орта мектебінен Ежембаева Мадина бөлісті.Қашықтыққа доп лақтыруда І орынды С.Аманжолов атындағы орта мектебі, ІІ орынды А.С. Пушкин атындағы орта мектебі, ІІІ орынды Бозанбай орта мектебі иеленді.
Жалпы есепте І орынды А.С. Пушкин атындағы орта мектебі, ІІ орынды Бозанбай орта мектебі, ІІІ орынды М. Ломоносов атындағы орта мектебі иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің мақтау қағаздарымен және Н. Лут атындағы орта мектеп ұсынған медальдармен және арнайы кубокпен марапатталды.