"Тәуелсіздіктің нұрлы рәміздері" зияткерлік-танымдық сайыс

"Тәуелсіздіктің нұрлы рәміздері" зияткерлік-танымдық сайыс

2022 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеу аясында "Тәуелсіздіктің нұрлы рәміздері" зияткерлік-танымдық сайыс өтті.

     Іс-шараның қонақтары: Төлеген Тохтаров ауылдық округінің әкімі Дауенов Марат Алпамысұлы,  "Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ-нің маманы Ерсаинқызы Гаухар, педагогикалық еңбек ардагері Галина Алексеевна Нарыжнева және "Рябинушка" вокалдық тобы. Аудан мектептерінің оқушылары, олардың ата-аналары, педагогтары қатысты.

    Іс-шара соңында әр команда шығармашылық жұмысын аяқтады. Нәтижесінде, барлық бөліктерді біріктіріп, іс-шараның символы алынды.

   Сайыста бірінші орынды Жас Отан құрама қамандасы иеленді. Екінші орынды Достық пен Ұлан командалары бөлісті. Командалар грамоталармен, мұғалімдер мен ата-аналар қатысушы Дипломдарымен марапатталды.