Балалар жылы аясында, Отбасы күніне орай «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» атты аудандық байқауының қорытындысы 2022 – 2023 оқу жылы

Балалар жылы аясында, Отбасы күніне орай «Бақытты отбасы -  бақытты балалық шақ» атты аудандық байқауының қорытындысы 2022 – 2023 оқу жылы

 

ШҚО, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің  «М.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ – де Балалар жылы аясында, Отбасы күніне орай «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» атты аудандық отбасылық байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты - тәрбиенің қалыптасқан құнды тәжірибесіне сүйене отырып, XXI ғасыр отбасы мүшелерінің бойына рухани-адамгершілік құндылықтарын сіңіру арқылы ынтымақтастықтарын нығайту,бір-бірін сыйлау,сенімділік,адамгершілік қасиеттерін дамыту.   Байқау 5 кезеңнен өткізілді. Аудан бойынша барлығы 9 отбасы қатысты.         Байқаудың нәтижесі бойынша:

Бас жүлдені 67  ұпаймен   Гагарино орта мектебінің намысын қорғаған  Нұрлан Нұрболат отбасы,

 І орынды 66 ұпаймен Р.Марсеков атындағы орта мектебінің  Алтайбековтар отбасы,

ІІ орынды  64 ұпаймен  Амангелді атындағы негізгі мектебінің намысын қорғаған Төлеухановтар отбасы,

ІІІ орынды 63 ұпаймен  Азовое орта мектебінің Жансолтан Құсайын отбасы иеленіп, марапатталды.