Қыздар командалары арасында, шағын футболдан Халықаралық Ыстықкөл ойындары

Қыздар командалары арасында, шағын футболдан Халықаралық Ыстықкөл ойындары

2022 жылғы 9-14 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында, қыздар командалары арасында, шағын футболдан Халықаралық Ыстықкөл ойындары өтті. Бұл ойындарға Қазақстан Республикасының атынан облыстың қыздар футболы бойынша аға жаттықтырушысы С.А. Зиновьевтің басшылығымен, Шығыс Қазақстан облысының құрама командасының қатарында біздің қыздар, Таврия орта мектебінен Нестеренко Ангелина мен Төлеген Тоқтаров атындағы мектеп-балабақшасынан Головченко Оксана ойнады.
Бұл ойындарға Қырғызстан мен Өзбекстан құрама командалары, сондай-ақ Қырғыз Республикасының Бішкек және Шу қалаларының командалары қатысты. Біздің қыздар барлық ойындарда лайықты жеңіске жетті. Өзбекстан құрама командасын 2-0, Бішкек қаласының командасын 1-0, Шу қаласының командасын 10-0, Қырғызстан құрама командасын 3-2 есебімен жеңіп, бірінші орынға ие болды.